Қонаев қаласы – ғылым мен білім орталығына және студент жастардың қаласына айналуы керек

Қонаев ғылым – білім орталығына және студент жастардың қаласына айналуы керек. Қазір жоғары оқу орындарының көбі Алматыда орналасқан. Бұл халық онсыз да тығыз қоныстанған қаланың ахуалына өз әсерін тигізеді. Онда көлік кептелісі көп. Жатақхана және қолжетімді баспана тапшылығы бар, – деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Алматы облысына жасаған сапары барысында.
– Шаһардың ауасы да ластанып барады. Осының бәрін ескере отырып, Қонаевта «академиялық қалашық» құру мәселесін қарастырған жөн деп санаймын. Ірі қалалардың жанынан инновациялық орталық құрған елдер аз емес. Үкімет бұл мәселе бойынша жаңа жылға дейін нақты ұсыныс беруі керек, – деді Қасым Жомарт Кемелұлы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий