ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстандық Ұлттық Федерациясы “Green Step” Ұлттық Әлеуметтік науқанын өткізді

ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстандық Ұлттық Федерациясы “Green Step” Ұлттық Әлеуметтік науқанын өткізді. Жеті күн ішінде жобаға қатысушылар қоршаған ортаны қорғау, жаңартылатын энергия көздері және климаттық өзгерістер саласындағы үздік сарапшылардың қатысуымен білім беру бағдарламасынан өткен болатын, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

бұл балалардың экологиялық проблемалардың маңыздылығы, олардың пайда болу себептері, адамдар үшін салдары туралы түсініктерін қалыптастыруға көмектесті. Сондай-ақ, тәуекелдерді азайту, адам өміріне зиянды азайту мүмкіндіктері де қарастырылған. Білім беру бөлімінен кейін жобаға қатысушылар төрт практикалық тапсырма орындады. Жобаның басты кезеңдерінің бірі Қазақстандағы Алғашқы Жасыл Олимпиада болды, оған тест тапсырмалары да, эссе түрінде жауаптары бар ашық сұрақтар да кірді.

Аталған жобаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 1000 қатысушы қатысып, қорытынды бойынша 21 жеңімпаз анықталды. Жүлдегерлер қатарында – Жітіқара ауданының Забелов жалпы білім беретін мектебінің педотрядын басқаратын 11 сынып оқушысы, болашақ биология мұғалімі Ангелина Быченко. Атап кетейік, мектеп ЮНЕСКО клубына үміткер және бұл жеңіс өте маңызды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий