“Оқуға құштар мектеп”: Қасым рухы шарықтап тұр

Жауынгер, дауылпаз ақын Қасым Аманжолов артына өшпес рухани мұра қалдырғаны баршаға аян.  Осыған орай, ақынның туған күні қарсаңында біздің білім ордасында мектеп кітапханашылары Г. Жолдыбекова мен А. Қожабаева  тарихи тұлғанының шығармаларын насихаттау мақсатында, «Оқуға құштар мектеп» жоба аясында екінші сынып оқушылары аралығында  «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ…»  тақырыбында алғаш рет мектепшілік Қасым оқуларын ұйымдастырды.

Іс – шарада сайысқа қатысушылар ақынның отан, туған жер, ерлік тақырыбындағы шығармаларын нақышына келтіріп, мәнерлеп оқыды. Дәстүрлі ән өнерін  насихаттайтын №2 музыка балалар мектебінің ұстазы Ахмет Жақсылық ақынның сөзіне жазылған әндерді  әуелетіп, іс-шараның ажарын аша түсті.

Қазылар алқасының шешімімен бірінші дәрежелі дипломға Төлеутай Айзере, екінші дәрежелі дипломға Тәңірберген Кәусар, үшінші дәрежелі дипломға Ахмет  Әлинұр, Қаби Серәлі ие болып, Алғыс хаттармен марапатталды. Осындай жас ұрпаққа  рухани, патриоттық тәрбие беретін іс-шаралар алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Гүлжанат ЖОЛДЫБЕКОВА,
Жақып Ақбаев атындағы мектептің
кітапхана меңгерушісі, Қарағанды қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий