“Жас ұлан” республикалық бірыңғай ұйымының көшбасшылар слеті

Қазақстан Республикасы күніне және Балалар жылына орай «Мен-елімнің патриотты ұрпағымын!» республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымының көшбасшылар слеті өтті. Слетке аудан мектептерінің оқуда озат, белсенді оқушылары, мектеп президенттері, ұланбасылары қатысты, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысындағы Бөрлі аудандық білім бөлімінің баспасөз қызметі.

Шара барысында мектеп президенттері мен ұланбасылары сахнада әдеби-музыкалық көрініс көрсетсе, мектеп жасұландары «Мен-елімнің патриотты ұрпағымын!» тақырыбында шығармашылық қойылымдар, ұйым туралы үгіт-плакаттарын қорғау байқауына қатысты. Шығармашылық қойылымдар байқауының қорытындысы бойынша І орынды Ақсай қаласының №6 МЛ-нің «Жас Ұландар» тобы иеленді. ІІ орынға №4 ЖОББМ-нің және Бумакөл МББК-нің «Жас Ұландар» тобы, ІІІ орынға №3, №5, №7 ЖОББМ-нің «Жас Ұландар» тобы ие болды. Алғыс хатпен Бөрлі №1 ЖОББМ, Кеңтүбек ЖОББМ, Ақбұлақ, Қанай, Қарағанды МББК-нің «Жас Ұландар» тобы марапатталды.

«Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымы туралы үгіт-плакаттарын қорғау байқауының қорытындысы бойынша І орынды №3 ЖОББМ-нің «Жас Ұландар» тобы, ІІ орынды №4 ЖОББМ және №6 МЛ-нің «Жас Ұландар» тобы иеленді. ІІІ орынға №2 ЖОББМ, Қарақұдық, Пугачев МББК-нің «Жас Ұландар» тобы ие болды. Алғыс хатпен №1, №8 ЖОББМ, Бөрлі, Жарсуат ЖОББМ, Қарасу, Приурал МББК-нің «Жас Ұландар» тобы марапатталды.

«Бұл шараға 200-ден астам оқушылар қатысып отыр. Өте жоғары деңгейде өтуде. Болашағынан зор үміт күттіретін жастарды көрудемін. Ақсай қаласының №8 ЖОББМ-нің атынан қатыса отырып, біз ән шырқадық және де 7 бағыт бойынша атқарылып жатырған барлық жұмыстарымыз бейнеленген плакатымызды қорғап шықтық. Аталмыш шаралар көбірек ұйымдастырыла берсе екен деймін…» – деп №8 ЖОББМ президенті Зарина Бауыржанқызы өз ойымен бөлісті.

Сондай-ақ, мектеп президенттері және ұланбасылары атынан көрермендер сыйлығы бойынша «Креативті қойылым» номинациясында Ақсай қаласының №4 және №3 ЖОББМ-нің топтары арнайы сыйлықтармен марапатталды. Және де «Слет белсендісі» номинациясында Бумакөл МББК-нің оқушысы Қаналы Ақсұлу мен №5 ЖОББМ-нің оқушысы Ғалижаппар Ақанға сыйлықтар табысталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий