Бөрлі аудандық білім қызметкерлерінің командасы бірінші орында

Салауатты өмір салтын насихаттау, жаяу туризм техникасын дамыту мақсатында және облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі орталығын 1986-2019 жылдары аралығында басқарған Виктор Павлович Фоминді еске алуға арналған «Алтын дала» туриадасы өткізілді.

Жарыс ережесі бойынша төрт бағытта өткен жаяу туризм техникасы қашықтығында және конкурстық бағдарламалар қорытындысында үздіктер қатарынан көрініп, 13 командадан оза шауып, Бөрлі ауданының білім қызметкерлерінің командасы топтық есепте I орынға ие болды.

Команда құрамындағы педагогтар О.Сарсенова, Т.Кенжемұрат, Е.Мұрат, А.Мақпозов болды. Жетекші — А.Сабитов. Сондай-ақ, оқушылар арасындағы сайыс бойынша жаяу туризм техникасы жарысынан оқушыларымыз топтық есепте III орынға ие болды. Жетекші — Т.Ералиев.

Батыс Қазақстан облысындағы
Бөрлі аудандық білім беру бөлімінің
баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий