Жанғазы Молдамұратов – отандық жоғары оқу орнындағы үздік оқытушылардың бірі

Молдамұратов Жанғазы – «Гидротехникалық құрылыс және құрылыстар» мамандығы бойынша PhD докторы, Өңірлік менеджмент академиясының доценті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Құрылыс және материалдар өндірісі» кафедрасының меңгерушісі, – деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Беларусь ұлттық техникалық университетінде (2011), Люблин политехникалық университетінде (2014), Берлин техникалық университетінде (2014), Амстердам университетінде (2014), Мәскеу химия-технологиялық университетінде (2018) тағылымдамадан өткен.
Сексеннен астам ғылыми мақалалардың, соның ішінде Scopus AGRIS деректер базасына енгізілген мақалалардың авторы. Монография мен үш оқу құралының авторы, техникалық ұсыныстардың және өнертабысқа 12 авторлық куәліктің әзірлеушісі. Молдамұратов ҚР жас ғалымдарына арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның лауреаты (2017) және 2019 жылы ЖОО-ның үздік оқытушысы болып танылды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий