Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтына жаңа ректор тағайындалды

Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының Басқарма Төрағасы – Ректор қызметіне Ержан Әмірбекұлы тағайындалды. Жоғару оқу орнының жаңа басшысын ұжымға вице-министр Қуаныш Ерғалиев таныстырып, ректорлық қызметіне табыс тіледі, – деп хабарлайды осы бейіндік ведомстваның баспасөз қызметі.
Ержан Әмірбекұлы 1998 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін үздік бітіріп, еңбектегі қызметін осы университетте оқытушысы ретінде бастады. 2000 жылы Қазақ Мемлекеттік басқару академиясының аспирантурасына оқуға түсті. 2004 жылы кандидаттық диссертация қорғағаннан кейін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетіне оқытушы болып жұмысқа қабылданды. Осы кезеңнен бастап оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор, «Экономика» кафедрасының меңгерушісі лауазымдарында қызмет етті.
2006-2009 жылдары докторантурада білім алып, 2010 жылы докторлық диссертация қорғады. 2018 жылы оған ҚР Ғылым және білім министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің бұйрығымен профессор атағы берілді. 2014-2015 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығында Басқарма басшысы болды. 2015-2018 жылдары Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде Халықаралық бизнес-мектебінің директоры, академиялық қызмет және ғылым жөніндегі проректор қызметін атқарды.
2018-2020 жылдары Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде ректор болып жұмыс жасады. 2020-2021 жылдары Тараз өңірлік университетінің І-проректоры, ректоры қызметтерін атқарды. 2021 жылдан бастап күні бүгінге дейін Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий