Абыройлы асу: Атына заты сай абзал тұлға

Ажарың ашық екен атқан таңдай,
Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай. (Халық әні «Гаухартас»). 

Әр пенде жарық дүние есігін іңгәлап ашқанда Жаратқанның таңдап берген өзіндік бір миссиясымен келеді. Соны ерте ұғынып, өмірлік жолын таңдай білген, Абайша айтқанда «кірпіш дүниенің кетігі болып қаланған» жанның жанары шамдай жарық, жүрегі шуақты күндей жылы болмақ. Әрбір ісі сөзіне сай келіп, жанындағы жандарды да нұрландырмақ. Міне, бүгін сондай тұлғалардың бірі – Гаухар Айтжанқызы Саймасаева туралы сөз қозғамақпыз. Ол отыз жылдан астам ғұмырын білім саласына, соның ішінде балаларды мектепалды тәрбиелеу мен олардың құқықтарын қорғау маңызды машақатына арнап, артынан бүкіл күш-қажырын өзі басшылық етіп отырған Алматыкітап баспасының дамуына жұмсап келе жатқан кәсіби маман, адамгершілігі асқан адам.

Гаухар Айтжанқызы

Гаухар Айтжанқызы барыс жылының берекелі күзінде дүниеге келген. Орыс сыныбында білім алып, оқуға деген құштарлығымен көзге түсіп, мектеп бітірген соң, қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті) «Мектепалды педагогика мен психология мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді. 1980 жылы Күрті ауданы, Ақши  ауылында тәрбиеші, әдіскер, мектепалды тәрбие бойынша инспектор ретінде еңбек жолын бастады.

1994 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жұмысқа орналасып, жетекші маманнан Мектепалды және орта білім департаменті басшысының орынбасары лауазымына дейін көтеріледі. Қазақстан Республикасының 1999 және 2007 жылдардағы «Білім туралы» заңдарын, Білім беруді дамытудың 2000-2005, 2005-2010, 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігін дамыту жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспарын әзірлеуге атсалысты.

Гаухар Айтжанқызы ҚР Парламентінің депутатымен бірге кітаптар көрмесінде

2012-2016 жж. ЮНЕСКО және ЮНИСЕФ-пен бірлескен: «Баршаға арналған білім», «Балаларды ерте дамыту» сынды бастамалардың іске асырылуына өз үлесін қосып, мықты маман ретінде қалыптасты. Республикада 5-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі міндетті оқытуды дамытудың, мектепалды шағын орталықтарды ашудың, дәстүрге айналған, қайырымдылық – «Мектепке жол», «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» акцияларының бастауында тұрды және бірегей жобаға айналуына бар күшін салды.

Кәсіби біліктілігі мен білімділігі, қызметтегі алғырлығы мен еңбекқорлығы, алға қойған мақсаттарды жедел шешетіндігі ескерусіз қалмай, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл»,  медальдарымен, «Білім беру ісінің үздігі», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапатталды. Гаухар Айтжанқызы кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетіп, кез келген жанды өзіне баурап алады. Қай ортадан болсын өзіне таныс, біліс, сырлас сыпайыны тез  тауып ала қояды.

Мәскеу қаласындағы көрмеде

Кәсіби бас қосуларда, педагогика саласының «жілігін шағып, майын ішкен» жақсы жандармен жолы тоғысып, жолдастық қарым-қатынас та орната біледі. Сондай бас қосулардың бірінде еліміздегі көшбасшы баспа – Алматыкітап баспасының Директорлар кеңесінің төрайымы Элеонора Нығметқызымен танысқан еді. Мақсаттары мен көзқарастары егіз екі жан әу дегенде тез тіл табысып, шүйіркелесіп, балалар мен білімге, оқушылар мен оқулықтарға қатысты талай мәселелерді талқылады.

Көпті көрген қырағы көз – Алматыкітап баспасы төрайымы оның біліктілігі мен кәсібилігін бір көргеннен-ақ тани білді. Кәсіби кездесу кейіннен әріптестікке ұласып, Гаухар Айтжанқызы, міне, он жылдай Алматыкітап баспасы Президентінің міндетін атқаруда. Осы орайда, білім саласына еңбегі сіңген жанның жақсылығын айтып, мерейін өсіру мақсатында қысқаша өмірбаянымен қоса, әріптестері мен оқулық авторларының Гаухар Айтжанқызы туралы жылы пікірлері мен құттықтауларын қаз  қалпында жариялауды жөн санадық, Һәм жүректен шыққан сөз жүрекке жететіні шүбәсіз.

Гаухар Айтжанқызы және Элеонора Нығыметқызы

Роман Алауұлы Қадырқұлов педагог, «Информатика», «Цифрлық сауаттылық» оқулықтары желісінің авторы: – Мен 7 жыл бұрын бүкіл іс-тәжірибемді жинақтап, оқушылар мен мұғалімдерді, студенттерді қазақ тіліндегі программалауға үйрететін, информатика пәнінен олимпиадаға дайындайтын кітап жазуды мақсат еттім. Бұл бағытта елімізде негізінен орыс тілді кітаптар басым еді. Ал қазақ тілінде мұндай мазмұнда жазылған кітаптарды жоқтың қасы деуге болатын.

Мен бір жолы Алматыға біліктілікті арттыру курсына барғанымда Алматыкітап баспасына арнайы кіріп, Гауһар Айтжанқызының қабылдауында болдым. Ол кісіні бірінші рет кездесуде-ақ байқағаным,  алдына кірген адамды асықпай тыңдайтыны. Менің ұсыныстарымды жіті тыңдап, жаңа мазмұндағы информатика оқулықтарын жазуды ұсынды. Дәл сол кезеңде жаңартылған мазмұндағы информатика оқулықтарын жазу басталып жатқан. Осы 7 жыл ішінде Гауһар Айтжанқызымен өте өнімді жұмыс жасадық.

 

Ұжым жетекшісі арнайы келген делегация мүшелерімен бірге

Маған жол көрсетіп, жұмысыма бағыт-бағдар беру үшін баспаның тәжірибелі әдіскерін де бекітті. Оқулыққа байланысты сұрақ туындаған кездерде Гауһар Айтжанқызына тікелей телефон соғып мәселемді айтсам, қолынан келгенше кеңес беріп, көмегін аяған емес. Халықаралық кітап көрмелеріне барғанда информатика оқулықтарына қатысты  жаңалықтармен үнемі бөлісіп отырады. Мұны баспа президентінің авторларға деген жанашырлығы мен қамқорлығы деп үнемі жылы қабылдаймын.  Сондай қолдаудың арқасында осы жылдар ішінде Алматыкітап баспасында 1-10 сыныптар аралығында «Информатика» пәні бойынша оқулықтар желісін қалыптастырдық. Мұндай нәтижеге жетуімізге де баспа басшысының үлесі зор.

Бақытгүл Социалқызы – педагог, Алматыкітап баспасының әдіскері: – Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін сақтау мәселесі көтерілген кезде Гаухар Айтжанқызы батылдық пен табандылық танытып, еліміздегі мектепке дейінгі қоғамдастықтардың қабырғасын қалған еді. Қалап қана қоймай, Қазақстанның мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытуға көп күш-жігер жұмсады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың алғашқы рет қазақша бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге, балаларды мектепке дейінгі тегін оқыту идеяларына бір өзі бастамашы болды.

Мектепке дейінгі ұйымдардың жаңа үлгідегі желісі құруға атсалысты. Олар: шағын гимназиялар, білім беру мен дамыту орталықтары. Гаухар Айтжанқызының кәсіби білімі мен мол тәжірибесі, көшбасшылық қасиеті мен креативті идеялары ұжымымыздың жоғары нәтижелерге жетуіне жол ашуда. Қазіргі таңда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің кезекті отырысында Президент Қ.К. Тоқаевтың «Оқулықтарды цифрлық форматқа көшіру және оқушы сөмкесінің салмағын жеңілдету» жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында, Алматыкітап баспасының тұңғыш «TopIQ» білім беру web-платформасын ұстаздар қауымына таныстыру жұмыстары жүргізуде. Міне осындай маңызды бастаманың сәтті іске асуына да бар көңілі мен күшін салуда.

Руслан Каратабанов – педагог, автор учебников «География»: – В далеком 2013 году сидел на кафедре физической и экономической географии ЕНУ им. Л.Н. Гумилева. И тут заходит эффектная дама, сразу спрашивает: «Как найти Каратабанова?» (меня). Я представился, и она с ходу сказала: «Я Саймасаева Гаухар Айтжановна, президент издательства «Алматыкітап баспасы», предлагаю Вам стать нашим автором. Вас мне порекомендовали коллеги, я познакомилась с вашими работами». Я был удивлен. Согласился.

 

Гаухар Айтжанқызы ұжым мүшелерінің ортасында

Перед стартом по инициативе уже родного издательства были поездки на международные семинары по TIMSS и PISA, участие в обучающих семинарах, консультации с профессорами, изучение учебной литературы. Это помогло мне более глубоко узнать, что такое функциональная грамотность, международные измерения и деятельностный подход. Задача была следующей – написать такой учебник, чтобы все перечисленные элементы были в учебниках в гармоничном сочетании с предметными темами. В итоге разработал один учебник по естествознанию и один по географии. Много пудов соли было съедено, но получилось.

Если говорить о моем первом учебнике географии для школ с русским языком обучения, то он был разработан до введения учебников обновленного содержания. Но идеи, заложенные в нем, актуальны и сегодня. В учебник было включено большое количество разнообразных заданий, которые на 90% апробированы в моей педагогической практике. Мои студенты и ученики помнят их до сих пор. Эффект отличный. Его покупали учителя и других предметов, так как задания можно адаптировать под себя. Есть даже сведения о том, что и другие издательства давали их своим авторам «для образца» уже в период внедрения обновленки.

Элеонора Нығметқызы мен Гаухар Айтжанқызы

Потом началась работа над учебниками обновленного содержания. Взялся за 7 класс, параллельно консультируя и редактируя учебник естествознания для 5 класса. Гаухар Айтжановна, президент крупнейшего издательства, хоть и понимала риски, все равно как педагог по духу, как творческая личность, не настаивала на шаблоне, не ограничивала в идеях. Ее полное доверие и одновременно готовность идти на риск поддерживали нас и вдохновляли на новые идеи.

Лебедева Лариса Анатольевна – доцент отдела профессиональной подготовки ОП «Начальное образование» Института педагогики и психологии КазНПУ имени Абая, автор учебников «Математика»: – С издательством «Алматыкiтап баспасы» мы сотрудничаем более 20 лет. Последние 10 лет издательство возглавляет талантливый руководитель Саймасаева Гаухар Айтжановна. С первых дней общения мы обратили внимание на то, что Гаухар Айтжановна сочетает в себе ценные достоинства: твердость характера и житейскую мудрость, инновационные подходы в принятии решений, умение найти подход к каждому, высокую требовательность к себе и доброжелательность в отношениях.

Гаухар Айтжанқызы еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне сұхбат беруде

Гаухар Айтжановна как мудрый и дальновидный лидер постоянно предлагает новые идеи и стратегии, чтобы обеспечить успешное развитие издательства. Сегодня наше взаимодействие вышло на качественно новый уровень: в разы увеличился коллектив издательства, разрабатываются электронные учебники на платформе TopIQ. Мы вместе создаем качественные учебники для учащихся нашей страны. Все сотрудники издательства работают профессионально, честно и с душой. Гаухар Айтжановна по праву может гордиться своим коллективом. Это содружество замечательных специалистов, работающих на благо своего издательства и страны.

Калашникова Тамара Михайловна – автор учебника «Русский язык» для школ с казахским языком обучения: – Моя первая встреча с Гаухар Айтжановной Саймасаевой состоялась более 30 лет назад в г. Шымкенте на республиканской конференции. Меня поразил ее голос, тихий, ненавязчивый, но в нем ощущалась необыкновенная сила и убежденность. Человеку с таким голосом ты бесконечно веришь и идешь вместе с ним по намеченному пути. За это время ее мысли, мечты, идеи, планы воплотились в реальные дела: первые стандарты, учебно-методичесие комплексы по дошкольному воспитанию и обучению, различные школьные учебники, цифровая платформа TopIQ и электронные ученики.

Жиналыс барысынан

В настоящее время Гаухар Айтжановна является вдохновителем большого проекта «Алматыкітап баспасы», посвященного исследованию жизни и деятельности просветителей, ученых, педагогов, писателей Казахстана. Это дань великого уважения к историческому и духовному наследию наших предков и нашего народа. И ты ей веришь, потому что для нее свято все, что связано с историей страны. Желаю, чтобы ее деятельность как Президента издательства всегда была направлена на созидание, развитие и процветание нашего общего дела. Гаухар Айтжанқызы туралы мақаламызды әріптесі әрі сырлас досы, Алматыкітап баспасының оқу-әдістемелік кешендерінің авторы Гүлсім Сейіткерейқызының пікірімен және авторлық өлең жолдауымен қорытындылауды жөн көрдік.

Гүлсім Сейіткерейқызы – Оқу-әдістемелік кешендердің авторы: – Гауһар Айтжанқызы мектепке дейінгі тәрбие мен жалпы оқыту саласында ұзақ жылдар еңбек еткен, осы жүйенің қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан, көптеген жас кадрларды тәрбиелеген абзал жан. Ол негізі қызметімен шығармашылықты сабақтастырып, кәсіпті дамытудың жаңа жолдарын үнемі іздестіріп, тың жаңалықтар енгізіп отырады. Оның адамдарға деген қамқорлығы айналасындағыларды дамуға жетелейді.

Гаухар Айтжанқызы тимбилдинг жүргізуде

Гауһар Айтжанқызы – адал және сенімді дос, қайратты да әдемі әйел, тамаша ұстаз!
Шагает Женщина по жизни,
Идет уверенно и прямо,
Добром и светом озаряя,
Людей, идущих рядом!
Дела ее всегда весомы,
Широкий взмах ее трудов.
Масштабно, дерзко, грандиозно,
Без лишних и ненужных слов!

Она мудра, добра, красива,
Наделена умом и волей сильной.
Она по жизни лидер правый,
И друг надежный, теплый, славный!
Она не может быть другою,
Ведь все прописано судьбою,
И имя ей дано «Гаухар» –
Бриллиант алмазный – высший Дар!

Гулмарал КАБДОЛАШЕВА,
Фарида САХИПОВА,
Марина АСЫЛБЕКОВА

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий