“Өрлеу” орталығы: Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту: көшбасшылыққа апарар жол

Қазіргі шындық педагогке жаңа талаптар қояды. Қазір қоғам икемді дағдылары бар, уақытты сауатты басқара алатын, сенімді ақпарат іздеп, әріптестерімен, оқушылар мен олардың ата-аналарымен сенімді қарым-қатынас орнатуға қабілетті көшбасшы педагогтерге бұрынғыдан да көбірек мұқтаж. Нәтижелі басқарушы басшы педагог-тағылымгер санатынан педагог-шебер санатына апарар жолдан өтуге көмектесе алады.

Сондықтан «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен Алматы Менеджмент Университеті бірлесіп, «Жаңа мектеп: нәтижелі басқару командалары» курсын дайындады. Курс мектептерде басқарушылық лауазымдарды атқаратындар үшін де, көшбасшылық позицияға үміткер педагогтер үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады. «Өрлеу» және Алматы Менеджмент Университетінің жетекші сарапшылары курсқа қатысушылармен мектепте инновацияларды ұйымдастыру және қолдау дағдыларымен бөліседі, басшылар өз командаларын тиімді басқарып, сыртқы стейкхолдерлермен табысты өзара іс-әрекеттесуге қабілетті болуы үшін стратегиялық менеджмент пен көшбасшылыққа үйретеді.

Тыңдаушылар педагогика, психология және Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша білімін тереңдетіп, кәсіби байланыстарын кеңейте алатын болады. Бағдарлама 7 модульден тұрады: стратегиялық және операциялық менеджмент; көшбасшылық және команда құру; адами ресурстарды басқару; білім мен инновацияларды басқару: білімдік өнімді жаңғырту; білім берудегі негізгі және қолдаушы инновациялар бенчмаркингі; академиялық және кәсіби жетістіктерге қол жеткізу үшін мектептің әлеуметтік-білім беру серіктестігі; білім сапасы үшін білім беру ортасының тиімділігі.

Курс теория мен тәжірибенің үйлесімді синтезі болып табылады. Тыңдаушылар нәтижелі басқару дағдыларын меңгереді: тиімді командалар құру стратегиясын зерттейді және 4-D көшбасшылық моделін қарастырады. Спикерлер курсқа қатысушыларын білім саласында сұранысқа ие соңғы үрдістер мен дағдыларды ескере отырып, кадрларды нәтижелі басқару және білімдік өнімді өзгерту тәсілдерімен таныстырады.

Бағдарламаның маңызды бөлігі интерактивті оқыту тәсілдеріне арналады. Тәжірибелік сессияларда әрбір тыңдаушы өз ұйымының жеке даму бағдарламасын әзірлейді. Бағдарламаның мазмұны жан-жақты көшбасшыларды даярлау дағдыларының кең спектрін қамтиды, атап айтқанда: мерзімдік басылымдардағы және әлеуметтік желілердегі белсенділік, тәлімгерлікті, әріптестікті және кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру, мониторингтік зерттеулер жүргізу.

Курс барысында педагогтер сарапшылар мен оқытушылардан жедел кері байланыс алатын болады. Оқыту аяқталғаннан кейін курстан кейінгі қолдау көрсетілетін болады. Курсты сәтті аяқтаған тыңдаушылар Алматы Менеджмент Университетінің «Білім берудегі менеджмент» MBA бағдарламасына жеңілдікпен оқуға түсу мүмкіндігіне ие болады. Оқыту 2022 жылғы қараша айының 7 мен 18 күндері аралығында өтеді.

Бағдарлама туралы толық ақпарат Алматы Менеджмент Университетінің сайтында https://event.almau.edu.kz/ берілген.
Бағдарлама операторларының байланыс нөмерлері:
+7 705 428 8182
+7 707 222 7212.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық
орталығының баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий