Аудан әкімі колледжге барды

Түпқараған ауданының әкімі Рахат Елтизаров Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжіне арнайы барып, нарық сұранысына сай жеті түрлі кәсіби мамандық бойынша білім беретін жергілікті арнаулы оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысты. Осыдан алты жыл бұрын ашылған колледж ұжымы екі қабатты ғимаратқа орналасқан, – деп хабарлайды Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Арнаулы оқу орнының педагогтері “Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту”, “Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану”, “Дәнекерлеу ісі”, “Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану”, “Көркем еңбек”, “Жиһаз өндірісі” мен “Есептеу техникасы және ақпараттық желілер” мамандықтарын таңдаған жастарға 11 біліктілік бойынша сапалы білім мен саналы тәрбие беріп келеді.

Жергілікті атқару билігінің басшысымен кездесу кезінде колледж директорының міндетін атқарушы Айнұр Сұлтанғали ұйымшыл ұжымның қызметі мен студенттердің ізденістерн кеңінен таныстыруы барысында оң шешімін күткен маңызды мәселелердің барын ортаға салып, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес мемлекет тарапынан қажетті қолдау мен тиісті көмек көрсетілуін сұрады.

Бұл арнаулы оқу орны былтыр Жас маман» жобасы аясында «Дәнекерлеу ісі» (түрлері бойынша), «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген болатын. Қазіргі кзде осы колледжде 289 жергілікті қыз-жігіттер таңдаған мамандықтары бойынша түрлі кәсіптің қыры мен сырын меңгеруде.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий