Ардагерлердің студенттермен кездесуі

Республика күніне орай үшінші мегаполистегі өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрби беру бағытында түрлі іс-шаралар жоспарланған болатын. Жергілікті әдістемелік орталық пен қалалық қорғаныс істері жөніндегі ұжымның бастамасымен әскери-техникалық мектеп базасында колледж студенттерімен “Ашық есік” күні және “Ерлік сабақтары” ұйымдастырылып, басқосуға Қарулы Күштердің, басқа мемлекеттер аумағындағы әскери іс-қимылдардың ардагерлері, интернационалист-жауынгерлер, Чернобыль апатынан зардап шеккендер, жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері қатысты, – деп хабарлайды Шымкент қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Әскери оқу орнының дәлізіне жиналған ұл-қыздар отандық әскери қызметшілердің қару-жарақтары мен заманауи киім үлгілерімен танысып, Ақпан батыр атындағы N10 жалпы орта білім беретін мектептің акт залындағы лекция әңгімеге қатысты. Аға буын өкілдері жастарға отандық борышын өтеуден жалтармау қажеттігін ескертіп, әскери адам ең алдымен өз отбасының қорғаушысы екенін, әскерде алған дағдының өмірде септігін тигізетінін айрықша атап айтты.

Ардагерлер соғыс қимылдарына қатысу тәжірибелеріне кеңінен тоқталып, жігіттерді әрқашан ел тыныштығы үшін – халықтың қауіасіздігін көздің қарашығындай қорғауға шақырды. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, подполковник Ринат Мадьяров жастардың қатысуымен ұйымдастырылатын әскери қызметкерлер мен ардагерлер жүздесуінің маңызына тоқталса, әдістемелік орталықтың әдіскері Бақытжан Қалтайұлы мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру бағытындағы жұмыстардың жаңаша жанданатындығы жеткізді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий