Үздік бастауыш сынып мұғалімдері

Аймақтағы ғылыми-тәжірибелік орталықтың үйлестіруімен «Үздік бастауыш класс мұғалімі-2022» облыстық байқауының үздіктері анықталып, жеңімпаздарға түрлі марапаттаулар табысталды. Қатысушы он үш үміткер үй тапсырмасы бойынша «Табысты ұстаз» бейнеролигін дайындап әкеліп, «Менің – ең үздік сабағым» шығармашылық бөлімінде белгіленген уақыт аралығында қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрастырған болатын, – деп хабарлайды Ақтөбе облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

«Сабақ үлгісін қорғау» педагогикалық шеберлік минутында ұстаздар қолжетімді ресурстары арқылы сабақ жоспарларын кәсіби шеберлікпен қорғап, педагогикалық жағдаяттар бойынша жеке көзқарастарын білдірді. Қорытынды кезеңнің ақтық нәтижесіне сәйкес бірінші дәрежелі Дипломды Шалқар ауданындағы №8 мектебінің мұғалімі Нурадинова Айнагүл иеленсе, екінші дәрежелі Дипломға Хромтау аудандық Хромтау ауданы №3 Хромтау орта мектебінің ұстазы Ерназарқызы Нәзипа мен Ақтөбе қаласындағы әл-Фараби атындағы №21 мектеп гимназияның педагогы Байғазина Дарияға, үшінші дәрежелі Диплом Мұғалжар ауданындағы №4 Қандыағаш қалалық мектебінен Ағайдарова Айгерім мен Байғанин аудандық Қарауылкелді мектебінен Дусипова Бакыт және Ырғыз ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы білім ордасынан Ельжанова Баянға бұйырды.

«Ізденімпаз мұғалім» аталымы Қарғалы ауданындағы №2 Бадамша мектебінен Гүлайым Бакенқызы мен «Шығармашыл ұстаз» аталымы Қобда аудандық Қобда мектебінен Жекеева Лаззатқа берілді. Биылғы жылдың үздік ұстаздарына алдағы уақытта жаңашылдық пен үздіксіз ізденістер арқылы кәсіби даму мен шығармашылық табыстарға жете берулерін тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий