Amanzholov university-інің ғалымдары марапатталды

Шығыс Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны 70 жылдық мерейтойын атап өтті. Университет ұжымын ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтады. Бүгінгі таңда Amanzholov University – Шығыс Еуропа және Орталық Азия университеттері арасында үздік ТОП-300 QS рейтингінде 251-орынға жайғасқан әлемдік деңгейдегі ғылыми-білім беру орталығы, – деп хабарлайды осы бейіндік ведомстваның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік өткізген Қазақстанның үздік университеттерінің Ұлттық рейтингінде көпсалалы университеттер арасында алғашқы бестікке кіреді. Министрге «Dana bala» инклюзивті білім беру орталығы, жаңа атаулы зертханалар таныстырылып, машина жасау, материалтану, энергетика, биотехнология, гуманитарлық саладағы ғылыми жұмыстар көрсетілді. Министр сирек кітаптар қорына, фитнес-орталыққа барып, жатақханаларды аралады.
– Қадірменді әріптестер, университет оқытушылары, барлық қызметкерлерді бүгінгі 70 жылдық мерейтоймен министрліктің, өзімнің атымнан шын жүректен құттықтаймын. Өңірлік университеттер ішінде С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың орны да, әлеуеті де басқадан бөлек. Соңғы екі жыл бойы ұлттық біліктілік тестілеуінен бірінші орында келе жатыр. Ал, ғылыми зерттеу жобаларын қаржыландыру 16 есе көбейген. Университет соңғы төрт жылда студенттер саны бойынша төрт мыңнан тоғыз мыңға дейін өсті. Жаңа зертханалар ашылды, – деді министр.
Сонымен қатар Саясат Нұрбектің айтуынша, цифрландыру жұмысына көп көңіл бөлген жөн. Әлемдегі ең ірі Coursera онлайн-білім беру платформасымен келісімшарт жасалғанын атап өтті. Соның аясында өңірлік университеттерде 50 сандық зертхана ашылады. ШҚУ солардың қатарында. Сонымен қатар, мерейтой аяқталған соң арнайы жоспарлап, ШҚУ-ға дәріс оқуға келетінін жеткізді.
Ғылым және жоғары білім министрінің сапары салтанатты концертпен жалғасты, шарада Аmahzholov University оқытушыларын жоғары наградалармен марапаттады. Университетінің үздік педагогтері мен ғалымдарының еңбегін министрлік жоғары бағалады. Ең талантты және келешегі зор профессорлар мен ғалымдарға ЖОО-ның 70 жылдығына арналған медальдар, сондай-ақ алғыс хаттар мен грамоталар табыс етілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий