Елордасындағы көшбасшы мектеп оқушылары мен студенттерге арналған “Жаңа қадам” ұлықтау рәсімі алғаш рет ұйымдастырылды

Республика күнін мерекелеу қарсаңында елордасындағы Махамбет Өтемісұлы  атындағы оқушылар сарайында бүгін Астана қаласының білім беру ұйымдарының мектепішілік және студенттік Парламенті Президенттерінің «Жаңа қадам» ұлықтау рәсімі алғаш  рет және бір мезгілде ұйымдастырылды.

Білім беру ұйымдарының барлық көшбасшылары үшін бұл ерекше және маңызды оқиға  еліміздің болашақ жастарының  патриоттық мерекесіне ұласты. Мектепішілік және Студенттік Парламент – бүкіл қоршаған орта үшін, жалпы қоғам үшін жауапкершілікті өз мойнына алатын тұлғалар үшін,  бұл нағыз жас көшбасшылардың тамаша бастау алаңына айналды.

Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен ұлықтау рәсімін салтанатты ашып, іс-шараның құрметті қонақтарының, педагогикалық еңбек ардагерлерінің қатысуымен мектептер мен колледждердің 126 көшбасшылары қиындықтардан қорықпауға, алға қойған мақсаттарына табандылықпен жетуге, туған еліне, мектепке, колледжге  риясыз көмек қолын созуға, Қазақстан Республикасының нағыз патриоты және Мектепішілік және студенттік Парламентінің маңызды жобалары мен іс-шараларының белсенді  қатысушылары болуға салтанатты уәде берді.

-Құрметті қонақтар галстуктерді тағып, “Алматы”, “Байқоңыр”, “Есіл”, “Сарыарқа” төрт ауданның мектепішілік  және студенттер Парламентінің өкілдері сөз сөйледі. Салатанатты жиын “Біз біргеміз!” жігерлі әніне дайындалған флэшмобпен өз мәресіне жетті. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий