Қазақстандық 1 630 дене шынықтыру пәні мұғалімі тегін біліктілігін арттыру курстарынан өтеді

Қазақстандық 1 630 дене шынықтыру пәні мұғалімі тегін біліктілігін арттыру курстарынан өтеді. Бұл курстарды Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы ұйымдастырып отыр, – деп хабарлайды осы салалық ведомстваның баспасөз қызметі.
Курстар 3 қазанда басталып, 2022 жылғы 9 желтоқсанға дейін жалғасады. 370 дене шынықтыру мұғалімі қатысып жатқан сабақтардың бірінші легі Астана, Қарағанды, Павлодар, Жетісу, Солтүстік Қазақстан облыстарында өтіп жатыр.
– Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің жұмыс сапасы мен кәсіби деңгейін арттыру мақсатында біз екінші жыл қатарынан арнайы әзірленген курстарды өткізіп жатырмыз. Былтыр бұл курсты 950 мұғалім оқыды. Бүгінде еліміздің 5 өңірінде курс өтіп жатыр. Алдағы уақытта курсты өткізу жері бүкіл республиканың ауқымына дейін кеңейеді. Мұғалімдердің сұраныстары негізінде оқыту екі тілде ұйымдастырылады. Ұстаздарымыздың кәсіби деңгейін арттыру – басты міндеттердің бірі, – деп айтты Ұлттық дене шынықтыру ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Сағдат Садықов. Курстарды аяқтаған мұғалімдер тест тапсырып, мемлекеттік үлгідегі сертификаттарды алады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий