“Мейірім – жан шуағы” атты студенттік дүкен жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің базасында «Мейірім- жан шуағы» атты студенттік дүкен жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мақсаты: студент жастарға еңбексүйгіштік, мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, студенттердің өздері дайындаған өнімдерін бағалай білуге, бизнеске, кәсіпкерлікке баулу, – деп хабарлайды Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Студенттік дүкен жәрмеңкеге «TALAP» КЕАҚ менеджері А. Ускенова және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары, студенттері, серіктес мекемелері және ата-аналар, 9-10 сынып мектеп оқушылары қатысты. Барлығы 250 адам. Студенттік дүкенге 12 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері өз қолынан жасалған әсемдік әшекей бұйымдар, азық-түліктер, оқып жатқан мамандық бойынша жасалған өнімдер және тағы да басқа заттар қойылды.

Жәрмеңкеге келген ата-аналар және қатысушылар қажетті бұйымдарын сатып алып, өз алғыстарын білдірді. Студенттік дүкен жәрмеңкеден түскен қаражат әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге қажетті киім – кешек алып беруге жұмсалады. Жыл сайын өткізілетін студенттік дүкен жәрмеңкесі 2023 жылы Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде өткізу эстафетасы табысталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий