Батыс Қазақстан облысында жаңа мектеп ашылды

Бәйтерек ауданына қарасты Щапов ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің ескі ғимараты 1974 жылы салынған, жобалық қуаты 120 орынға арналған. 2021 жылы мектепке қазақтың даңқты қолбасшы батыры Бауыржан Момышұлының есімі берілді, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

2022 жылы қолданысқа берілген жаңа мектеп ғимаратының қуаттылығы 420 орынға есептелген, жалпы құны – 1 191,07 млн.теңге, мердігер – «СКФ Отделстрой» ЖШС (бас директоры В.П.Михно). Жаңа ғимаратта 21 оқу кабинеті бар, 15-і интерактивті тақталармен жабдықталған. Сонымен қатар, бір смарт кабинет, 2 шеберхана, екі информатика кабинеті, спортзал, кітапхана және 30 орындық оқу залы, 208 орындық акт залы, жетпіс екі орындық асханасы бар.

Мектеп ауласында екі ойын, футбол, баскетбол, жүгіру және спорт алаңдары, 4 демалу орны бар. Мектеп директоры – Бактыгалиева Аймекен Бактыгалиевна (қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі). Жалпы еңбек өтілі жиырма алты жыл, оның ішінде атқарған лауазымында 6 жыл. Санаты – педагог-зерттеуші.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий