Кітап – дәуір айнасы: Мектеп кітапханашыларының форумы

Зейтін Ақышев атындағы білім ордасында кітапханашылар күніне орай «Кітап – дәуір айнасы» атты мектеп кітапханашыларының форумы ұйымдастырылды. Бұл басқосудың басты мақсаты: тәжірибе алмаса отырып, іскерлікті жетілдіру және  жүзеге асыру болатын.

Аудан бойынша 28 мектеп кітапханашы форумға қатысып, оқуға ұсынылған 250 кітаптар мен ауданымыздан шыққан ақын-жазушылардың шығармалары қойылған арнайы көрмені тамашалады. Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің кітапханашысы Жанар Бекмағанбетова, Е.Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің кітапханашысы Арайлым Ақылбекова, М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің кітапханашысы Гүлсін Қасымова өздерінің шебер сағаттарын жоғары деңгейде өткізді.

Мерекелік концертте кітапхана саласына қосқан үлесі үшін №2 Майқайың  жалпы орта білім беру мектебінің кітапханашысы Сәуле Сүйіпбергенова, Ж.Ағаділов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің кітапханашысы Дана Мұқатова, Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының кітапханашысы Әлия Жүнісова, Қаражар жалпы негізгі білім беру мектебінің кітапханашысы Динара Идрисова, Лекер жалпы негізгі білім беру мектебінің кітапханашысы Әлия Сүлейменова білім беру бөлімінің Құрмет мадақтамасымен, Шадыра жалпы орта білім беру мектебінің кітапханашысы Бақытжамал Сыздықова аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының Құрмет мадақтамасымен марапатталды.

Кітапханашы – кітап пен оқырман арасындағы алтын көпір. Оқырман мен руханият арасын жалғап, ұлттық құндылықты насихаттаушы мамандық иелерін мерекелерімен құттықтаймыз.

Мәншүк  ШУМАҚОВА,
Баянауыл аудандық білім беру
бөлімінің әдіскері, Павлодар облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий