Кітапхана – мәдениет ошағы және ақыл мен ойдың, білім және ғылымның қайнар көзі

Кітапханадағы еңбек жолын «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында бастаған мамандарымыздың бірі – Сағатбекова Мәншүк Мазанқызы. М.Сағатбекова 17 жыл ішінде анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету бөлімінде қатардағы кітапханашыдан бөлім меңгерушісі қызметіне дейін көтерілді, – деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Кітапханашы – мәртебелі мамандық. “Себебі, кітапхана – мәдениет ошағы. Ақыл-ой мен білім-ғылымның қайнар көзі, ордасы. Мұнда адамның ой-өрісін кеңейтуге, рухани дамуына мүмкіндік мол. Сол себепті, мен өз мамандығыма үлкен құрметпен қараймын және еліміздің барша кітапхана қызметкерлерін мерекемен құттықтаймын!, – дейді маман. Бүгінде «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында 54 маман қызмет етеді. 1932 жылы негізі қаланған кітапхана 7 бөлімнен тұрады. Қор көлемі 6 млн. астам кітапты құрайды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий