Киокушинкай-кан каратэден ел чемпионатында ақмолалық оқушы бірінші орын алды

Атырау қаласында киокушинкай-кан каратэден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ең беделді турнирге республикамыздың әр аймағынан үздік спортшылар қатысты. Жарыс екі бағытта өтті – «Кумитэ» және «Ката». Ел чемпионатына Ақмола облысының Шортанды ауданының №2 Жолымбет мектебінің 8 “А” сынып оқушысы Шакей Аружан қатысып, жүлделі бірінші орын жеңіп алды, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жарысқа 46 салмақ дәрежесі бойынша 550-ден астам спортшы қатысты. Бірінші және екінші орындарға ие болған спортшылар Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасына алынып, Қазақстанның туын және намысын әлемдік аренада қорғайтын болады. Жеңімпазды құттықтаймыз! Аружанға және жаттықтырушы Абдулла Саяхатұлына әлем чемпионатында жеңіс тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий