Ұлытау облысы: “Адам болам десеңіз…” атты эссе байқауы қорытындыланды
«Тілтану» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырылуымен Республика күніне орай өткізілген «Адам болам десеңіз…» атты эссе байқауы қорытындыланды. Жастардың шығармашылық қабілетін дамытып, дарынды оқушыларды ынталандыруды мақсат еткен конкурста ойы ұшқыр, қаламы жүйріктер озып шықты, – деп хабарлайды Ұлытау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Атап айтқанда бірінші орынды Игілік Ибрагим жеңіп алса, екінші орынды Іңкәр Балтабек, Ханшайым Жолшара, Ерасыл Бұхарбаев еншіледі. Раушан Жаппар, Аяулым Жанкер, Виктория Денисова жүлделі үшінші орыннан табылды. Үздіктерді марапаттау салтанатының көркін Жезқазған музыкалық колледжінің өнерпаздары жастары, домбырашылар ансамблі мен «Шашу» би ансамблі кіргізді.
«Тілтану» оқу-әдістемелік орталығының директоры Ақгүл Ошағанова тіл саясатын жүзеге асыру аясында өткізілген іс-шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтуіне қосқан үлестері үшін Жезқазған жоғары политехникалық колледжі, Жезқазған гуманитарлық колледжі, Жезқазған Бизнес және көлік колледжі, Жезқазған музыкалық колледж ұжымы мен Жезқазған жоғары медициналық колледжінің оқытушысы Гулзейнеп Кенишбаеваға арнайы Алғыс хат табыстады.