Семейлік зияткерлер авторлық құқыққа ие болды

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің  9 сынып оқушылары кезекті авторлық құқыққа қол жеткізді. Авторлық құқық иелері Мирас Айтбек пен Даниял Молдыбеков бірлесе еңбектенулерінің арқасында  Абай өңірінің мәдени-тарихи мұрасы бойынша интерактивті карта әзірледі. Аталған карта арқылы саяхатшылар қасиетті өлкенің тарихи орындары арқылы 3 тілде ақпарат ала алады, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз мектебі.

– Картамыз әзірге макет түрінде жасалды. Дегенмен, саяхатшыға қажетті ақпараттың барлығын қамтыдық деп айта аламын. Неге десеңіз, Семей –Қарауыл күре жолынан бастау алатын  карта маршрутында Күшікбай асуынан Бөрілідегі М.Әуезов мұражай-үйі, Қасқабұлақ, Ойқұдық, Еңлік-Кебек үңгірі, Ералы жазығы, Әйгерім қыстауы, Жидебайдағы мемориалды кешенге  дейінгі  тарихи-мәдени орындар жайлы мол мағлұмат береді.  Біздің картамыздың артықшылығы – саяхатшыға ыңғайлы болу үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ақпараттар жүктелді.  Ал осы ақпараттарды оқымай, тыңдағысы келетіндер үшін аудио жазба енгіздік. Демек, өзіне керекті ақпаратты әртүрлі әлеуметтік желіден іздеудің қажеті жоқ. Барлығы бір жерге топтастырылған біздің картаны пайдаланса болғаны, -дейді жоба авторларының бірі Мирас Айтбек.

Шәкірттеріміздің ғылыми жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі Мақсат Құдагелдиннің сөзіне сүйенсек, жас зерттеушілер жобамен біраздан бері айналысып келетін көрінеді. – Ұстаз болған соң шәкірттеріміздің осындай бастамаларына, ізденістеріне үнемі қолдау білдіріп отырған дұрыс. Біз бағыттаушымыз. Қажет болған жағдайда тиісті көмектерімізді көрсетеміз. Енді біздің алдымызда жобаны жетілдіру жұмыстары тұр. Ендігі мақсатымыз – карта макетін толыққанды сайтқа айналдырып, оның ғаламторсыз жұмыс жасауына жағдай тудыру, – дейді ғылыми жетекші.

Жас зерттеушілер интерактивті карта  жасаудың идеясы өлкеміздің облыс мәртебесін алуына байланысты туындағанын айтып, жаңа жобаны сол қуанышқа қосқан сыйымыз деп отыр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий