Министр Саясат Нұрбек Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің 60 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларға қатысты

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің 60 жылдығын мерекелеу аясында министр Саясат Нұрбек болашақ ұрпақ студенттеріне жолдау жазылған уақыт капсуласын салу рәсіміне қатысты. Шараға университет басшылығы, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы және студенттік белсенділердің өкілдері де атсалысты, – деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Оның іргетасын қалау салтанаты университеттің болашақ студенттік жатақхана құрылысының орнында өтті. Капсула салу рәсімі аяқталғаннан кейін Саясат Нұрбек Ақмола облысының жұртшылығымен кездесіп, азаматтардың жоғары білім және ғылым саласында жүргізіліп жатқан реформаларға, сондай-ақ ЖОО оқытушыларының жалақысын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы сұрақтарына жауап берді.
– Жоғары оқу орындарының оқытушыларының жалақысын көтеру кешенді түрде – грант құнын көтеру арқылы шешілетін болады. Және сараланған түрде. Мысалы, филологтан гөрі инженерді дайындау қымбатырақ. Сәйкесінше, инженерлік мамандықтар бойынша гранттар қымбаттауы керек. Сайып келгенде, университет оқытушыларының жалақысы айтарлықтай өседі, бірақ бұл білім сапасына байланысты болады, – деді министр.
Жұртшылықпен кездесу барысында С. Нұрбек өңір үшін ғылыми кадрларды даярлаудың және еліміздің жас ғалымдарына жүйелі қолдау көрсетуді ұйымдастырудың маңыздылығына ерекше назар аударды. – Студенттерді, жас ғалымдарды шетелде 500 ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған конкурсқа қатысуға шақырамын. Біз бұл жобаны Президенттің тапсырмасы аясында әзірледік. Бұл бағыттағы басты міндет – ғылымды дәріптеу. Келешекте осындай бірнеше бағдарлама әзірленетін болады, – деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі.
Ресми іс-шара соңында мерекелік концерт өтті, оның барысында министр С.Нұрбек пен Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев Ualikhanov University профессор-оқытушылар құрамы қатарынан еңбек сіңірген білім беру қайраткерлеріне құрмет грамоталары мен марапаттарын табыс етті. Мерекелік концертте студенттердің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті, сондай-ақ университеттің даму тарихы туралы деректі фильм көрсетілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий