“Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі” қоғамдық қорының басылымына қатысты Ғылым және жоғары білім министрлігінің түсініктемесі
Бұған дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек министрліктің студенттердің сайлау процесіне қатысуына қатысты ұстанымы туралы мәлімдеген болатын. «Бүгінгі күні студенттерден министрліктің атына сайлау іс-шараларына қатысуға мәжбүрлеу фактілері туралы хабарламалар немесе шағымдар түскен жоқ, – деп хабарлайды ведомоствоның баспасөз қызметі.

Осы ретте ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты омбудсмен институты бар екенін тағы да еске сала кеткенді жөн санаймыз, оның қызметі студенттердің құқықтарын қорғауға бағытталған. Студенттер құқықтарының бұзылуы туралы өтініштер мен хабарламаларды Yerniyazova.aisulu@gmail.com электронды поштасына, WhatsApp +77021182935 нөміріне, Instagram @aisulu818 әлеуметтік желісіндегі Direct-ке немесе eOtinish жүйесі арқылы жібере алады.
Загрузка...