Турнирдің бас жүлдесі лисаковтықтарда!
«Бөбек» ҰҒПББО базасында М. Әбділдин атындағы «Адам. Жер. Ғалам» оқушылардың дәстүрлі республикалық турнирі өтті. Турнирдің мақсаты: оқушыларға ғарыштық білім беруді дамыту және дарынды балаларды қолдау, сондай-ақ жалпы білім беретін мектеп оқушыларының астрономияға, физикаға, космонавтикаға қызығушылығын арттыру, факультативтердің, ғарыш бағыты бойынша үйірмелердің жұмысын жандандыру, ғарыш және ғарыш технологиялары туралы білімді зерделеу және практикада қолдану, дарынды оқушыларды анықтау, мамандық таңдауда көмек көрсету, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Біздің аймақтың атынан Лисаков қаласы мектеп-лицейінің командасы қатысты, ол турнирдің алғашқы күндерінен бастап көшбасшылықты басып алды. Басқа облыстардың ішінен презентацияда ең жоғары балл алған жалғыз команда. Іріктеу және жартылай финалдық ойындарда жоғары ұпай жинап, өзін жақсы жағынан көрсетті.
Нәтижесінде Лисаков қаласы мектеп-лицейінің командасы астротурнир БАС ЖҮЛДЕСІН жеңіп алды! Жеңімпаздардың есімдерін: Бортвина Ксения, Коваленко Анастасия, Сивков Иван, Досмухамедова Амина, Вихляева Александра ұсынамыз! Құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!