Саясат Нұрбек: 3808 орынды қамтитын 12 жатақхана ашу жоспарлануда

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен бүгінгі Үкімет отырысында Білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Осы жиын барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бейіндік ведомства тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жайында баяндама жасаған болатын. 

Елімізде жатақхана мәселесі өзекті. Осы орайда сала жетекшісі әлі де 87 мыңдай орынға қажеттілік бар екенін мәлімдеп, іске асырылып жатқан жұмыстар туралы айтты. – Қазіргі таңда жатақхана мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Әлі де 87 мыңдай орынға қажеттілік бар. Жылдың соңына дейін 3 мың 808 орынды қамтитын 12 жатақханаларды енгізуді де жоспарлап отырмыз. Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін университеттермен және құрылыс компанияларымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі жетілдірілетін болады. Құрылыс материалдары нарығындағы бағалардың тұрақсыздығын ескере отырып, студенттерді жатақханадан орынмен қамтамасыз етуге берілген мемлекеттік тапсырыстың мөлшері мен төлем мерзімі де қайта қаралады, – деді ол.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий