NIS IQanat -қа қолдау білдіреді

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ауыл мектептерінің 9-сынып оқушыларына арналған IQanat hackathon воркшоптары өтуде, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі. 

4 күнге жоспарланған шараға Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарынан 90-нан астам шәкірт келді. Олар біздің ұстаздардан сандық және көшбасшылық дағдылар бойынша дәріс алатын болады.

 – Алдымен біздің шәкірттердің тың тақырыптарда білім алуына мол мүмкіндік беріп отырған Назарбаев Зияткерлік мектептеріне үлкен алғысымды жеткізгім келеді. Біз еліміздің әр өңіріндегі зияткерлік мектептермен тығыз қарым-қатынас жасаймыз. Өтіп жатқан тренинг барысында ауыл балалары оқуға ұсынылған бес білім беру бағдарламасының ішінен үш курсты таңдады. Барлық бағдарламалар оқушылардың IT-дағдыларын дамытуға бағытталған. Атап айтқанда, SMM-ді нөлден бастап оқыту, WEB-бағдарламалау, мобильді қосымшаларды әзірлеу, mobilography (телефонға түсіру курсы), Python бағдарламалау тілі. Тренингке қатысушылар семейлік зияткер ұстаздардың көмегімен күзгі каникулдарын пайдалы өткізеді деген ойдамын, -дейді IQanat қорының өкілі Анара Матыбаева.

Тренинг оқушылардан бөлек, ауыл мұғалімдеріне де пайдалы өтуде. Өйткені, олар үшін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен кураторлары оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына оң әсер беретін желілік «Туған елге тағзым»,«Ұлы Дала ақындары», «100 кітап», «NIS talks», «Wikipedia» сынды жобалармен жақынырақ таныстыруда.

Жалпы еліміздің Ақтөбе, Орал, Семей, Шымкент, Қарағанды қалаларындағы алты Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында өтіп жатқан IQanat hackathon воркшоптарына  643 оқушы мен 32 мұғалім келді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий