Оқу-ағарту министрлігі азаматтарға ыңғайлы болу үшін цифрлы шешімдерге көңіл бөлуде

Оқу-ағарту министрлігі азаматтарға ыңғайлы болу үшін цифрлы шешімдерге көңіл бөліп отыр. Біздің міндетіміз – ашықтықты қамтамасыз ету, азаматтардың уақытын үнемдеу. Сондықтан біз мектепті немесе колледжді бітіргені туралы құжаттарды беру процесін де автоматтандырамыз. Енді түлекке өзімен бірге орта білім туралы аттестаты мен дипломын алып жүрудің қажеті жоқ. Оның барлығы Egov-та, соның ішінде банктердің мобильді қосымшаларында цифрлы форматта қолжетімді болады. Бірақ құжатты берудің қағаз форматын ешкім алып тастаған жоқ, мысалы, жеке куәлік, қазір куәлікті өзіңізбен бірге алып жүрудің қажеті жоқ, бірақ электронды нұсқасын мобильді қосымшада пайдалануға болады, – деп хабарлайды Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов. 
 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий