Ақмолалық колледж студенті Назарбаев Қорының студенттік стипендиясын жеңіп алды
Алматы қаласында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының студенттік стипендиясының республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Аталмыш іс-шараға Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Киім дизайнері» біліктілігінің 3 курс студенті Ғалымжан Айшолпан Мұратбекқызы қатысып, Назарбаев Қорының студенттік стипендиясының иегері атанды. Республикамыздағы студенттер арасындағы ең ірі байқаулардың бірінен студентіміз жеңіс тұғырына шыққанына шын жүректен қуаныштымыз. Айшолпанға алдағы уақытта бұданда биік жетістіктер мен жеңістер тілейміз.
Загрузка...