Жүсіп Ахан: Волейболға деген талпынысым осы сайыстан соң едәуір артты

NIS-те волейболдан желілік спартакиадалық ойын жалғасуда, – деп хабарлайды Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі.

Алматы, Өскемен, Қарағанды, Талдықорған, Павлодар қалаларының зияткерлері таласқа толы тартысқа түскендеріне – екінші күн. Ұлдар арасындағы додада мектебіміздің оқушылары Қарағандылық зияткерлерді 2-0 ұпаймен шаң қаптырса, екінші ойында Талдықорғандық зияткерлерден жеңілді. Ал қыздар командасы Павлодар командасынан жеңілсе, Талдықорғандық команданы 2-0 ұпаймен жеңді. Алматылық зияткерлер Өскеменде өтіп жатқан спартакиадан алған әсерлерімен бөлісті:

Өскемен қаласындағы өткен спартакиада ұмытпастай естеліктер қалдырды. Осы спартакиада арқасында тек мен ғана емес Алматы командасындағы барлық ойыншылар орасан зор тәжірибе ала алды. Басқа командалардағы ойыншылармен таныстым. Өскемендегі атмосфера рухымды көтеріп шабыттандырды, волейболға деген талпынысым осы сайыстан соң едәуір артты, – дейді 10-сынып оқушысы Жүсіп Ахан.

Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS волейболшыларын  спартакиадаға дайындаған бапкерлері Есембердиев Кайрат Хамитұлының ойынша қыздар командасының жүлдегерлер қатарынан табылатын уақыты алыс емес:

Барша NIS оқушылары мықты дайындықпен келгендігі көрініп тұр. Алғашқы ойыннан-ақ зияткерлер арасында тартысты бәскені байқадық. Оған себеп біздің мектебіміздің командаларының ұпай сандарының кезекпен алмасып отыруын айта аламыз. Десек те, қыздар командасының жеңіс тұғырынан көрінуіне үміттіміз,-дейді Алматылық бапкер.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий