Ақмола облысында жылдың үздік психологы анықталды

«Жылдың үздік психологы» облыстық байқауы өтті, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Конкурс педагог-психологтардың кәсіптік деңгейін арттыру және шығармашылық әлеуетін толық іске асыру, сондай-ақ Ақмола облысының білім беру жүйесіндегі практикалық психология қызметінің беделін арттыру мақсатында өткізілді. 

Конкурсқа қатысушылар алдын ала іріктеу аудандық турларының қорытындысы бойынша педагогтердің мәлімделген ерекшеліктері өкілдерінің үздіктері болып табылады. Ең бастысы, жұмыс өтілі мен тәжірибесіне қарамастан, жас маманнан бастап «жан туралы ғылымның» атақты корифейлеріне дейін әрбір қатысушы тиісті санат бойынша қатыса алады: I санат – 3 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар; II санат – 3-7 жыл жұмыс өтілі бар; III санат – 7 жылдан астам жұмыс өтілі бар психологтар.

Облыстық конкурсқа облыстың білім беру ұйымдарының 19 педагог-психологы қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша облыстық сырттай конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды:
Бас жүлде – Есмагулова Гульдана Муратовна, Бурабай ауданы Щучинск қаласының № 7 мектеп-лицейінің педагог-психологы.

I санатта:
I орын- Кабдеш Самат, Ақкөл ауданы Құрылыс ауылының негізгі орта мектебінің педагог-психологы;
II орын – Курманбаева Замира Мағауқызы, Көкшетау қаласындағы № 12 жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы;
III орын- Виситаева Алят Вахаевна, Есіл ауданы Жаңыспай ауылының негізгі орта мектебінің педагог-психологы.

II санатта:
I орын- Мынбаева Жанар Тасбулатовна, Жарқайың ауданы Отрадное ауылының негізгі орта мектебінің педагог-психологы;
II орын – Бапаева Гүлдана Салинджанқызы, Қосшы қаласындағы №2 жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы;
III орын- Хожатова Раушан Естаевна, Целиноград ауданы Қоянды ауылындағы № 2 жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы.

III санатта:
I орын – Муканова Ризвангуль Жумабаевна, Егіндікөл ауданы Көркем ауылының негізгі орта мектебінің педагог-психологы;
II орын – Сайбель Татьяна Павловна, Бұланды ауданы Отрадное ауылының жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы;
III орын- Тапаева Айнур Кайроллаевна, Жақсы ауданы, Жаңа Кийма ауылы Ғ.Әбдірахманова атындағы жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы. 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий