Педагог стандартының алғышарттары

Білім көкжиегіндегі қарыштап дамып келе жатқан педагогтерге бүгінгі күні талап ерекше. Педагог – бала жанының емшісі, дәруіші, сусыны. Ол тек мейрім төгіп, сол арқылы тамырына қан жүгіртеді. Осы атқа лайық болу жолында қаншама ұстаздарымыз бен шәкірттеріміз аянбай еңбек етіп келеді. Бүгінгі қоғамның сұранысына сай болу үшін де ізденіс көптеп  қажет.

ҚР Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың да сайлауалды бағдарламалары мен елге арналған Жолдауларындағы басым бағыттарды да осы білім саласына арнап отыр. Елдегі өзекті мәселелер мен мектеп мұғалімдерінің жалақысы сонымен қатар білімнің  сапалы берілуі. Оқу ағару министрлігінің білім  саласына жасаған өзгерістері ұшан теңіз. Ең алдымен ұстаздарға жасалынған икемділіктер мен сабақ берудегі жаңартылған білім берудің негізгі қағидаттарының ұсынылуы. Сонымен қатар, оқу жүктемесінің білім сапасына әсер ету жағдайлары бойынша бірнеше бағдарламалардың жүзеге асырылуы тиімді әрі маңызды болды. «Жайлы мектеп» жобасының өзі бізді жаңа бағытқа, жаңа белестерге жетелейді деп сенеміз.

Бүгінгі күні салалық министірлік тарапынан іске асырылып жатқан бағдарламалар мен жобалаларды ұстаз ретінде қуана қабылдап кешегі өткен брифирнгтегі «Педагог» кәсіптік стандартының мән-мағынасы мен оның ұстаздар үшін маңыздылығын түсіндік. Облыстық білім беруді дамыту оқу әдістемелік орталығы ұйымдастырған бұл шарада «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Алматы облысы бойынша біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» филиалының Жетісу облысы бойынша басшысы Ермек Сүйеубекұлы  Немеребаев нақты стандарттың ережелері мен оның маңыздылығына тоқталды.

Басқосуға Алматы мен Жетісу облыстарының  барлық мектеп басшылары мен орынбасарлары және ұстаздар қауымы қатысып, пайымды пікірлерін білдірді. Жалпы айтқанда мектептегі «Педагогтың кәсіби стандарты» –  кәсіптік құндылықтарға бағытталуы, азаматтық таныту қасиеттері мен  кәсіптік этиканы сақтау болса,  кәсіптік білім бағыты бойынша пәнді қалай  оқыту керектігі, оны түсіну жағдайлары бойынша міндеттемелер негізге алынған. Сабақ беру, тәрбиелеу оқыту тәжірибесі   ұстаздың білім жүйесінің шыңдалуына көмектеседі. Жоспарлау мен оны жүзеге асырудағы негізгі позицияларды түсініп оны анықтауға, алдыға қарай жоспарлауға мүмкүндік беретініне көзіміз жетіп отыр.

Бұл 4 (төрт) критерий мұғалімдердің не білуі және не істей алуы керектігін анықтайтын 13 (он үш) стандарттан тұрады. Әрі қарай, әр стандартта педагогтердің бес санаттары үшін (тағылымдамашыдан бастап шеберге дейін) дескрипторлар бар. Кәсіби стандарт қалыптастыру принципіне сәйкес бес санат шеңберінде педагогтерге арналған сапа стандарттарын анықтайды. Мысалы, 3.2 (үште екінші) – «білім беру/ тәрбие процесін жоспарлау қабілеті» стандартында – педагог-тағылымдамашы сабақты оқу мақсатына сәйкес жоспарлайды, ал педагог-шебер тәжірибелік зерттеу нәтижелерін пайдалана отырып, оқу процесінің мазмұнын жоспарлайды.

Осы негізде ұстаздың беделі мен оның өзін-өзі дамыту жұмыстары жүйелі іске аса бермек. Бүгінгі күнгі өзгеріс ертеңгі күнге жақсы нәтиже. Себебі, білім алу мен білім берудің арасындағы айырмашылықты бейбәсекелестікке әкелу осы стандарттың жемісі болмақ.

Адилжан СЫЗДЫКБАЕВ,

Ж.Сыдықов атындағы орта  мектептің директоры,

Жетісу облысы, Ақсу ауданы 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий