Абай университетінде республикалық пікірсайыс турнирі өтті

2022 жылдың 29-31 қазанында Республика күніне орай Абай университетінде Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректорының Кубогы үшін студенттер арасында республикалық пікірсайыс турнирі өтті, – деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі. 
 
 
Қатысушылар «Жаңа Қазақстан: жаңа кезең, жаңа бағыт» тақырыбында пікір таластырды. Турнирдің ашылу күні жоо ректоры Дархан Біләлов қатысушы командалардың мүшелеріне алғысын білдіріп, студенттік өмірдегі осындай іс-шаралардың маңыздылығын және олардың жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлін атап өтті.
 
 
«Пікірсайыс турнирлері арқылы жастарымыздың танымдық, шығармашылық әлеуетін жан-жақты дамытуға және зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөлу қажет. Алдағы уақытта бұл дәстүр жалғасын табатын болады. Біз жастарымыздың жаңа Қазақстандағы болашағын айқындайтын қадамдарды қолдауға әрқашан дайынбыз», – деді Дархан Біләлов.
 
Турнирге еліміздің сегіз өңіріндегі 25 жоғары оқу орнынан 140-қа жуық пікірсайысшы қатысты. Жеңімпаздар 11 номинация бойынша анықталып, алғашқы үш орынға арнайы сертификаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
 
 
Бірінші орынды «70%» фракциясы: Жөндербек Жазира (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) және Еркебұлан Әріпбай (Астана қ., Назарбаев Университеті), екінші орынды Сүлеймен Демирел атындағы университеттің «Хан Тәңірі» фракциясы: Оразғали Әсет пен Арынов Азамат иеленді. Үшінші орын жеңімпаздары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «KN» фракциясы: Узбекалиев Кенбай және Құлахмет Нұрдәулет болды.
 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий