Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен!

Ұстазға деген алғыс пен құрметті білдіру қоғамды адамгершілікке баулиды. Бірер жыл бұрын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы Күләш Шамшидинованың бастамасымен ұйымдастырылған «Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен!» атты ауқымды жоба 2022 жылы да өз жалғасын тапты.

Игі істер адамды жақсылық пен ізгілікке жетелейді. Педагогикалық шеберлік орталығы бұл дәстүрді жалғастырып, әрбір қызметкер өзінің ұлағатты ұстазына, тәлімгеріне, жас ұстазға, аяулы мектебіне «Білімді ел – Образованная страна» республикалық газетінің 2023 жылға 179 жазылым сертификатын тарту етті. Қадірлі ұстаздарымызға қуаныш сыйлауға асығыңыздар!

 

 

Аманкүл ОШАҚБАЕВА, ПШО Талдықорған қ. филиалының аға менеджері:

– Ауыл мектептері – ұлт мектебінің негізі десек, сондай мектептердің бірі – Жетісу облысының Өтенай ауылындағы №21 орта мектеп дер едім. Маликова Күлбақыт Уметалиқызы басқарып отырған бұл ұжымда ұстаздар мен оқушылардың үздіксіз ізденуіне жағдай жасалып, жаңа модификациялық физика, химия, биология, «STEM зертханасы» кабинеттерімен қамтамасыз етілген. Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренерлері ұйымдастыратын курстарда, семинарлар мен вебинарларда мектеп ұжымы бірлескен командалық жұмыс арқылы тәжірибелерін шыңдап, сапалы білім беруге қол жеткізуде белсенділік танытып отырады.

Ұйымшылдығы мен ынтымағы, біліктілігі мен білімі жарасқан осынау ауыл мектебіне «Білімді ел» республикалық газетінің біржылдық жазылым сертификатын табыстадым. Аталған газет мектеп мұғалімдері тәжірибесінің республика көлеміне таратылуына себеп болады деген сенімім мол.

 

Талаш УНГАРОВА, ПШО Атырау қаласындағы филиалының директоры:

– «Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен!» тұрақты акциясы аясында газеттің жылдық жазылымын сыйға тарту ұстаздар қауымы үшін игі іс-шараға айналды. Аталмыш газеттің 1 жылдық жазылым сертификатын Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында одан кейін 20 жылға тарта Орал қаласында №41 мектеп-лицейдің директоры болған, білім жолында шәкірттеріне жол нұсқаған өзімнің ұстазым, ақылшым, сырласым бола білген, бүгінде қызметінің зейнетін көріп отырған Ихсанова Валиса Құжатқызына тарту еттім. Зейнеткерлікке шықса да еліміздегі білім саласында болып жатқан жаңалықтарды оқып, жанашыр болып, жаңалықтан алыстамайтын ұстазым үшін «жаңалықтың басында болсын» деген ниетім аса ұнады. Асыл ұстазыма қуаныш сыйлау арқылы өзімді де бақытты сезіндім.

 

Владимир ПАК, старший менеджер филиала ЦПМ в г. Усть-Каменогорске:

– Многим поколениям школьников, в том числе и мне, средняя школа №13 г.Усть-Каменогорска дала путёвку в жизнь. Сейчас в ней учатся и мои дети. Школа динамично меняется, но неизменными остаются любовь педагогов к детям и преданность делу просвещения. С большой благодарностью я дарю годовую подписку на республиканскую газету «Білімді ел – Образованная страна» коллективу школы.

 

Нұрлан САРБАСОВ, ПШО Павлодар қаласы филиалының директоры:

– Еліміздегі жалпы педагог қауымының, сонымен қатар білім саласы қызметкерлерінің қолдауына ие болған «Білімді ел» республикалық газетінің біржылдық жазылымын Павлодар облысы, Шарбақты ауданындағы 90 жылдық тарихы бар, өзімнің түлеп ұшқан алтын ұям – Жылыбұлақ жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымына сыйға тарттым. Қолыма алғаш қалам ұстатқан ардақты ұстазым Роза Зейнелғабиденқызы, тарихшы Сұлушаш Иванқызы, физика пәнінің мұғалімі Қайыртас Құсайынұлы, математика пәнінің мұғалімі Нұртаза Қанапияұлы, биология пәнінің мұғалімі Нұрлан Бекенұлы, шет тілдер мұғалімі, сынып жетекшіміз Зере Қабылқарысқызы сынды ұлағатты ұстаздардан білім алғанымды мақтан етемін.

«Білімді ел» газеті мектебімнің кітапханасынан орын алып, мұғалімдер ұжымын білім беру саласындағы жаңалықтардан хабардар етіп, кәсіби әлеуетін дамытуда пайдасы тиеді деп ойлаймын.

 

 

Гульнара ЕСМАГУЛОВА,  менеджер филиала ЦПМ в г. Уральске:

– Уже не первый год участвую в акции «Моему учителю с любовью». В этом году свой сертификат я подарила ветерану педагогического труда Валентине Бродяной, проживающей в п. Щапово Байтерекского района Западно-Казахстанской области. Валентина Афанасьевна с теплотой отозвалась о газете «Білімді ел – Образованная страна»: «Для меня это окно в профессиональный мир, который мне интересен, который я люблю и которым восхищаюсь. Я уже пенсионер, но живу школой, её ритмами. В газете я нахожу отклик и отражение живого мира, которым является школа. Благодарю ЦПМ за внимание, за эту замечательную акцию, благодаря которой я чувствую себя по-прежнему частью сообщества учителей».

 

 

Төлеген НУГЕРБАЕВ, Көкшетау қаласы ПШО филиалының директоры:

– Ауыл мектебі мұғалімдері білім саласындағы соңғы жаңалықтардан хабардар болсын деген ниетпен «Білімді ел» газетінің біржылдық жазылымын Ақмола облысының Бурабай ауданы, Қатаркөл елді мекеніндегі Досов атындағы мектеп ұжымына тарту еттім. Аталмыш мектеп мұғалімдерінің көпшілігін жас және орта буын құрайды. Мектеп ұжымы ПШО ұйымдастыратын курстар, курстан кейінгі қолдауда, түрлі тренингі мен вебинарларда үнемі белсенділік танытады. Мектеп педагогтері шығармашылығын шыңдап, жаңа бастамаларға серпін бола берсін.

 

 

Людмила ЧЕРЕНКОВА, менеджер филиала ЦПМ в г. Талдыкоргане:

– Годовую подписку на газету «Білімді ел – Образованная страна» хочу подарить в знак глубокой благодарности своему учителю истории – Хаджиевой Зулейхе Абдурашитовне. Учитель – одна из самых трудных и важных профессий. Только когда становишься взрослым, понимаешь, какую роль в твоей жизни сыграли учителя, и осознаёшь, как много добрых слов мы не сказали им тогда.

Зулейха Абдурашитовна – человек с богатым жизненным опытом, который умеет интересно доносить сложную информацию и обладает уникальными качествами, за которые её любят ученики и уважают коллеги.

 

 

Бақытгүл ИБРАШЕВА, Астана қаласы ПШО Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің аға менеджері:

 «Білімді ел» республикалық газетінің 2023 жылғы жазылымын Астана қаласындағы №59 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Алмагүл Төлегенқызы Ахметжановаға табыс еттім.

Алмагүл Төлегенқызы еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Еліміздің болашағы деп бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, білімі мен өнегесін шәкірттеріне арнаған жан. Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған игілікті акцияға қатысуға барша ұстаз қауымын шақырамын.

 

 

Ольга ТУШИНСКАЯ, директор филиала ЦПМ в г. Петропавловске:

– В рамках акции «Моему учителю с любовью» филиал Центра педагогического мастерства в г. Петропавловске четвёртый год дарит подписку на газету «Білімді ел – Образованная страна» своим любимым учителям, ветеранам педагогического труда, школьным коллективам и коллегам.

Одной из ведущих школ, которая получила подписку на газету, является Первая гимназия, где креативные педагоги, профессионалы высокого уровня работают с большой самоотдачей, любят свою работу, всегда узнают новое, а также делятся своим опытом.

Благодаря акции учителя смогут получить методическую помощь, узнать об интересных проектах в образовании, познакомиться с судьбами творческих педагогов страны. Газета «Білімді ел – Образованная страна» освещает события, реагирует на современные тренды и направления и, самое главное, всегда остаётся интересной читателям.

 

 

Гульбахар РАХМАНОВА, ПШО Қарағанды қаласы филиалының аға менеджері:

– Дәстүрге айналған «Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен» акциясына қатысу мен үшін игі істердің біріне айналды. Биыл біліктілікті арттыру курсында білімін жетілдірген, белсенді, білім беруге деген құштарлығымен көзге түскен жас маманның біріне «Бiлiмдi ел» газетіне біржылдық жазылым сертификатын сыйлауды жөн көрдім. Сондай маманның бірі – Қарағанды қаласындағы әл-Фараби атындағы мектеп-гимназияның химия пәні мұғалімі – Жалелова Динара Берікқызы. Аталмыш газет еңбек жолын енді ғана бастаған белсенді мұғалімнің білім беру саласындағы жаңалықтардан хабардар болуына мүмкіндік берері сөзсіз. Жас маманның шәкірттерінің жарқын келешегі жолындағы еңбегіне табыс тілеймін.

 

Ердан КАТАЕВ, старший менеджер филиала ЦПМ в г. Уральске:

– Я первоклассник, ростом метр с кепкой, а двухэтажная школа с восьмью классными комнатами казалась каким-то лабиринтом. Но уже через полгода, зимой, нас строем подвели к огромному, четырёхэтажному зданию, от количества дверей и комнат которого у нас захватывало дух. Я с глубокой благодарностью вспоминаю учителей школы, не буду называть фамилий, так как нет возможности перечислить всех в этой маленькой заметке. Этот подарок средней школе №20 г. Уральска – подписка на газету «Білімді ел – Образованная страна», маленький знак внимания и благодарности. …И снова я чувствую себя первоклассником, ростом метр с кепкой.

 

 

Гульмира ТОРТАЕВА, ПШО Тараз қаласы филиалының директоры :

– Білім беру саласында болып жатқан істерден хабардар етіп, ұстаздарға жаңалықтың жаршысына айналған «Бiлiмдi ел» газетінің акциясы аясында ПШО Тараз қаласындағы филиалының тренерлері газеттің жылдық жазылымын Жамбыл облысы оқу-әдістемелік кабинеті ұжымына, Байзақ ауданындағы Н.Ақшабаев орта мектебі, Талас ауданы Д.А.Қонаев атындағы орта мектебі мен Тараз қаласының №5, 8, 45, 46 жетекші мектеп ұжымына тарту етті.

Оқушыларды білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беріп жүрген ұстаздар әрі қарай да асуларды бағындырып, тәжірибелерімен бөлісе берсін деп тілейміз.

 

 

Зауре КАШКЕНОВА, старший менеджер филиала ЦПМ в г. Актобе:

– Два учителя, которые повлияли на мой жизненный путь: Ермагамбетова Мария Курмангалиевна – учитель русского языка и литературы, и Еспагамбетова Клара Хайрулловна – учитель химии Уркачевской средней школы Мугалжарского района Актюбинской области. Это учителя, которые всю свою жизнь посвятили школе, детям. Благодаря профессионализму и преданности своему делу их смело можно назвать примером для новых поколений учителей. Мария Курмангалиевна и Клара Хайрулловна – постоянные читатели газеты «Білімді ел» – с благодарностью приняли очередную подписку.

 

 

Қатира БОРАНБАЕВА, ПШО Ақтау қаласы филиалының директоры:

– Мен «Білімді ел» газетінің 2023 жылға жазылымын Жаңаөзен қаласындағы №9 жалпы білім беретін орта мектеп басшысы – Сарсенғалиев Салауат Садихұлына табыс еттім. Салауат Садихұлы ұзақ жылдар бойы білім саласында абыройлы қызмет етіп келеді. Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған акцияға ризашылығын білдіріп, ұстаздар газетінің тұрақты оқырманы болатынын ерекше атап өтті. Білім беру саласындағы жаңалықтың жаршысы болған газет мектеп ұстаздарының игілігіне жарап, сүйінші жаңалықтармен қуанта берсін демекпін.

 

 

Улжан ТЕМИРГАЛИЕВА, старший менеджер филиала ЦПМ в г. Талдыкоргане:

– В этом году в рамках акции «Моему учителю с любовью» подписка на республиканскую газету «Білімді ел – Образованная страна» была вручена коллективу школы для одарённых детей имени Мухтара Арына №24 в г. Талдыкоргане. Учителя этой школы уже в течение нескольких лет проводят исследования в действии и исследование урока, результаты которых были представлены на областных и республиканских семинарах и конференциях. По моему мнению, развивающему исследовательские навыки коллективу необходимо знакомиться и изучать опыт других коллег, освещаемый в этой газете.

 

 

Асия КУПЕШОВА, ПШО Шымкент қаласы филиалының менеджері:

– Түркістан қаласындағы жетекші мектептің бірі ретінде, қаладағы серіктес мектептердің жұмысын жандандыруда №21 жалпы орта мектебі жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Оқушыларға сапалы білім мен өнегелі тәрбие беріп, білім беру саласына елеулі үлес қосуда.

Мектеп ұжымын білімді де тәжірибелі басшы Стамқұлов Руслан Дайрабайұлы басқарып отыр. Білім ордасы асуларды бағындыра берсін деген ниетпен «Білімді ел» газетінің 2023 жылға жазылымын сыйға тарттым. Қоғам айнасы болған газет өзіңіз бен мектеп ұжымының серігіне айнала берсін.

 

Жайнагүл ДЖАНСУГИРОВА, ПШО Қызылорда қаласы филиалының аға менеджері:

– Ұстаздар қауымының сүйікті басылымына айналған «Білімді ел» республикалық газетіне біржылдық жазылым сертификатын педагогикалық өмір жолын бірге бастаған әріптесім, досым Әлімбетова Орынша Міржақыпқызына тарту еттім. Орынша Міржақыпқызы – Қызылорда қалалық білім бөлімінде кәсіподақ кеңесенің төрайымы, мұғалімдер қауымының алғысына ие болған қадірлі әрі құрметті педагогтердің бірі.

Ұстаздарға қолдау көрсету, олардың әлеуетін ашу арқылы өңіріміздегі табысты, креативті мұғалімдердің қалыптасуына барынша жағдай жасап жүрген белсенді тұлға деп танимыз.

 

 

Динара АДИЛЬЖАНОВА, ПШО Өскемен қаласы филиалының аға менеджері:

–  «Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен!» акциясы аясында Абай облысының Аягөз қаласындағы «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы» ұжымына «Білімді ел» республикалық газетінің 2023 жылға жазылым сертификатын сыйлық ретінде табыстадым. Айнұр Аулейсқызы басқаратын мектеп ұжымы «Ауылдық жерлердегі тірек мектептер» қайырымдылық жобасы аясында тынбай қызмет етуде. Шәкірттердің жарқын келешегі жолындағы игі еңбектеріңіз оң жалғасын тауып, еселене түссін.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий