Оралдық оқушылар халықаралық байқауда бас жүлдені иеленді

Қарағанды қаласында 6 мен 16 жас аралығындағы мектеп оқушыларының арасында VII Халықаралық «ROBOLAND 2022» робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі өтті, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласындағы білім бөлімінің баспасөз қызметі.

«ROBOLAND» фестивалі – Қазақстандағы алғашқы және ірі робототехникалық жоба, сонымен қоса, техникалық шығармашылық пен жаңа технологиялардың ең ауқымды форум. Биылғы фестивальге еліміздің әр өңірінен және Греция, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан жалпы 300 команда қатысты. Балалардың шығармашылық деңгейін анықтау, бағдарламалау тілін меңгерту мақсатындағы фестиваль биыл 16 санат бойынша өткізілген.

Аталмыш байқау қорытындысында әлемнің алпауыттарынан келген мықтылармен жарысқа түскен оралдық «Оқушылар сарайының» педагогы Нұрбол Қырықбаевтың жетекшілігіндегі «Робототехника» үйірмесінің шәкірттерінен құралған Зейін Мағал, Райымбек Габдуллин, Артур Джаксыгалиев, Алиислам Курмангалиев, Арайлым Хайдарова, Төрехан Асхатұлы сынды жас техниктер командасы бас жүлдені қанжығалады.

Айта кетейік, кейінгі жылдары оқушылардың ІТ, робототехникаға деген қызығушылығы жылдан-жылға артып келеді. Қазіргі уақытта Оқушылар сарайындағы үйірмеге 60 өрен қатысып жүр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий