Зияткерлер сахналық қойылым жеңімпаздары атанды
Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушылары ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған ақын мысалдарының желісі бойынша «Қырық мысал» атты Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы сахналық қойылымдар сайысында I орынға ие болды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының «Егіннің бастары» атты мысал өлеңіне сахналық қойылым құрған. Балаларды сахналық қойылымға дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Қаратай Құлпырған Халмурзақызының айтуы бойынша жарыстың сахналық қойылым форматында өтуі оқушылар үшін өте қызықты болған:
Загрузка...Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларын насихаттауда желілік жарыстың үлесі зор болды. Оқушылар қойылымның мағынасын көрерменге жеткізе білді деп ойлаймын. Конкурсқа дайындық 2 апта көлемінде жүрді. 7-сынып оқушылары конкурсқа қатысу арқылы ұлт ұстазы А. Байтұрсынұлы шығармаларына бір табан жақындады деп ойлаймын,- деп бөлісті оқытушы. Айта кетейік, аталған жарыс зияткерлік мектеп оқушылары арасында алғаш рет ұйымдастырылып отыр.