Саясат Нұрбек шетелдік сарапшылармен кездесті

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек шет елдер мен ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Министр олармен жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады, – деп хабарлайды осы бейіндік ведомстваның баспасөз қызметі.
Ресей Федерациясы Красноярск өлкесінің губернаторы Александр Усспен кездесу аясында Қазақстан мен Ресейдің ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастығы талқыланды. Тараптар өзара серіктестікті дамыту және ҚР мен Красноярск өлкесінің жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ұтқырлық, оқытушылардың тағылымдамаларын кеңейту мәселелері бойынша сөйлесті. Губернатор Александр Усс өзара қызығушылық тудыратын салаларда бірлескен зерттеулер жүргізуді ұсынды.
Министр Саясат Нұрбекті Сібір федералды университетіне шақырды. Сондай-ақ, Саясат Нұрбек Малайзия делегациясымен кездесті. Делегация құрамында Малайзияның Қазақстандағы Елшісі Саид Мохамад Бакри, елшіліктің кеңесшісі Мохд Идхам Мохлис және Малайзия университетінің Кәсіпкерлік және бизнес жоғары мектебінің деканы доктор Розелина Ахмад Сауфи болды. Профессор Розелина Ахмад Сауфи министрге Малайзияның жоғары білімін таныстырып, қос дипломды MBA бағдарламасы, мини-MBA, халықаралық ұтқырлық саласы бойынша ынтымақтастық аясында қазақстандық жоғары оқу орындарымен жүргізіліп жатқан келіссөздер туралы ақпарат берді.
«Elsevier» баспасының өңірлік басшысы Дамир Рахметов отандық жоғары оқу орындарының баспамен әріптестігі кезіндегі жетістіктерін қорытындылап, министрге одан әрі ынтымақтастық жөнінде бірнеше ұсыныстар берді. Дамир Рахметов министрді 15 қарашада Астанада өтетін Scopus Awards іс-шарасына қатысуға шақырды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий