Үлкенге құрмет: Қарттарым – асыл қазынам

Ескінің өзін, көненің көзін көрген асыл қарттарымыз қашан да қазақ үшін ортаймас қазына. Қарты бар үйқазыналы үй“,  шын қазына –  қарттардың асылдай сақтап келген әңгімелері мен олардың көрсеткен үлгіөнегелері. Үйіңде қартың болса, жыржауқар да, баға жетпес байлық та сол шаңырақта дей бер. Әсем жүздеріндегі әр әжімітарихтан сыр шертетін шерлі шежіре, әңгімелерікөненің күмбезіндей жырдастан, ал өздеріСәкен ақын жырлағандай шыңда тұрғансыр сандық“.

Ал осындай қазыналы қарттарымызды құрметтеу, олардан үлгі алу – ұрпақтарының міндеті. Қазан айының алғашқы күні – қарттар күніне орай біздің білім ордасында ауылдың қарттарымен жүздесу, асылдай ақылдарын тыңдап, баталарын алу мақсатында, оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру мақсатында бастауыш пәні ұстаздары Күзембаева Гүлмира мен Тайжалдиева Ұлмекеннің бастамасымен “Қарттарым – асыл қазынам” атты кездесу кеші ұйымдастырылды.

Ауыл қарттарын салтанатты түрде күтіп алудан басталған кеш, оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берумен өрбіп,  әдемі би мен тамылжыған әндермен жалғасын тапты.  Көңілден шыққан көңілді әңгімелері көпті серпілтіп, оқушыларымыз қарттарымыздың ыстық ықыласына бөленді. Үлкендерден алған алғысы мен баталары балалардың жанына азық болары хақ. Үлкен тәрбиелік мәні бар әсем кеш ауылымыздың ақсақалы Амантұрлы атамыздың ақ батасымен аяқталды.

Осындай мағыналы-мәнді кешті тарту еткен қос ұстазға алғыс білдіреміз!  Әрине қарттарды құрметтеу мұндай кештермен шектелмейді,  дегенмен осынау кездесудің арқасында оқушылар әдемі естелік әңгімелерге,  қарияларымыздың ақтарыла айтылған ақ баталарына қанық болды.  Жас ұрпақ үшін бұл да – үлкен өнеге.

Гулзия ЖАЛМУХАНОВА,
Боранқұл жалпы білім беретін
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі,
Маңғыстау облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий