Кәсіби стандарт: Жаңа буын ұстазға мүмкіндік береді

«Атамекен» ҰКП әзірлеген «Педагог» ұлттық кәсіби стандартын әзірлеген болатын. Бұл кәсіби стандартта бес еңбек функциясы көрсетіліп, педагог мамандығының құндылықтары айқындалған болатын. Алайда бұл құжат педагогке деген қоғамдық сенім мен құрметті толық нығайтуға, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің әл-ауқатын арттыруға, білім беру ұйымдарында оқыту мен дамытуды жақсартуға ықпал ете алмады.

Осы олқылықтың орнын толтыру үшін педагогтің кәсіби құзыреттілігінің нақты шеңберін анықтауда жаңа буын «Педагог» кәсіби стандарты дайындалды. Жаңа кәсіби стандарт жаңа буын «Ұстазына» оқытудың білім беру бағдарламаларының негіздерін, педагогтің біліктілігін арттыру және үздіксіз кәсіби дайындық мүмкіндіктерін айқындауға; басқа қызмет салаларындағы мамандарды қайта даярлаудағы басымдықтарды айқындауға; білім беру/тәрбиелеу және педагогтерді оқыту тәжірибесін, кәсіби міндеттемені, қоғамдық сенім мен құрметті қолдауды ұйымдастыруға; кәсіби қоғамдастықта оқыту/білім беру және тәрбиелеудегі педагогтің көшбасшылығын дамытуға мүмкіндік береді.

Мұнда сонымен бірге педагогтер мамандығына қажетті білім, білік және дағдысына сәйкес ұлттық, салалық біліктілік шеңбері, негізгі және қосымша кәсіби қызметтің  мазмұны нақты анықталған. Кәсіби стандартты, оның мақсаттарын, қолдану салаларын жан-жақты түсіну үшін қазіргі уақытта педагогикалық ұжым арасында, мүдделі тұлғалар арасында Кәсіби стандарттың мазмұны бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Кәсіби стандартта педагогті оқытудың барлық негізгі бағыттары, ресурстары және өзін-өзі үнемі дамыту мен әріптестік ортада даму, білім алушылармен жұмыс істеу стратегиялары келтірілген деп үміттенеміз.

Стандарт – өте маңызды құжат болып табылатындықтан, педагогикалық білімге және педагогтің кәсіби дамуына қатысы бар барлық тұлғалар осы негізгі мәселелер бойынша біртұтас түсінікке ие болғаны біз үшін маңызды. Сондықтан кәсіби стандарттың мақсаты – педагогтердің кәсібилігі мен сапасын арттыру үшін мектептерді, педагогикалық жоғары оқу орындарын, біліктілікті арттыру ұйымдарын, білім басқармаларын біріктіру.

Әрине, сондай-ақ кәсіби стандарт бізге аттестаттау, біліктілік тестін тапсыру кезінде педагогтің еңбегін объективті бағалауға мүмкіндік береді. Жаңа стандарттың көмегімен қоғамның, ата-аналардың педагогке деген сенімі артады деп үміттенеміз, өйткені олардың педагогикалық жұмыс сапасының нормалары мен өлшемдері туралы нақты түсінігі қалыптасады.

Биржан Уалиханович ШЕРИЕВ,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және
Шымкент қаласы бойынша КДИ» филиалындағы
әдіснама және педагогикалық инновация
кафедрасының  аға оқытушысы,
Мейркул Уалихановна ШЕРИЕВА,
Ш. Уәлиханов мектебінің мұғалімі,
Түркістан облысының Отырар ауданы

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий