Республикалық балалар оқу байқауында жас ақмолалықтар жеңімпаз атанды

Астана қаласының оқушылар сарайында 3-10 сынып оқушылары арасында балалар оқу байқауының республикалық кезеңі өтті, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі. 

Байқаудың басты мақсаты – балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру, жас қазақстандықтар арасында оқу мәдениетін ілгерілету, сондай-ақ, қазақ және шетел әдебиетін тереңінен оқуға баулу. Республикалық кезеңде Еркінқызы Нұршырақ (Целиноград ауданы) 3-4 сынып оқушылары арасында I орын жеңіп алса, Бекболат Мөлдір (Жақсы ауданы) 9-10 сынып оқушылары арасында II орынды иеленді.

Атап өткен жөн, бұл сайыста облыстық кезеңнің жеңімпаздары Еркінқызы Нұршырақ (Целиноград ауданы), Болатова Айару, Бекболат Мөлдір (Жақсы ауданы), Мүбарак Мадина (Есіл ауданы) өздерінің эрудициясы мен оқу сауаттылығын көрсете білді. Айта кетейік, мектеп кезеңі аясында байқауға 70 мыңға жуық бала қатысты, аудандық кезеңдерге 1500-ге жуық оқушы қатысты. Облыстық кезеңге облыстың аудандары мен қалаларынан 69 оқушы келді. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий