«Менің кіші Отаным» атты V Республикалық интеллектуалдық конкурсы өтті

Ақмолалық оқушылар «Менің кіші Отаным» атты V Республикалық интеллектуалдық конкурсында үздік нәтижелер көрсетті, – деп хабарлайды осы облыстың білім басқармасының баспасөз қызметі. 

2022 жылғы 3-5 қараша аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты V Республикалық интеллектуалдық конкурсы өтті. Мерейтойлық конкурсқа Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен 92 оқушы қатысты.

Іс-шараның мақсаты – туған ел тарихына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау, оқушылардың өлкетану және Қазақстан тарихы бойынша білімдерін дамыту. Ақмола облысынан қорытынды кезеңге 4 оқушы, облыстық кезеңнің алтын медаль иегерлері қатысты.

Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы IT лицейінің 10 сынып оқушысы Ербатыр Ернияз «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі диплом иегері атанды;

Астана қаласы, №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Дәулетқызы Баян «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды;

Есіл ауданы, Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Түгел Кінәзия «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша грамотаға ие болды;

Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Дулатова Алуа «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша грамотаға ие болды. Құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий