Ғылым және жоғары білім министрлігі тәуелсіз директорлар қауымдастығымен меморандумға қол қойды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Qazaqstan Independent Directors» қауымдастығының төрағасы Ерлан Әукеновпен кездесті, – деп хабарлайды осы бейіндік ведомстваның баспасөз қызметі.
 
Кездесу аясында қауымдастық пен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум шеңберінде тараптар қауымдастық мүшелерін министрлікке ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарында директорлар кеңесінің мүшелері ретінде тарту, корпоративтік басқару саласында зерттеулер жүргізу және тәуелсіз директорлар институтының мәселелері бойынша заңнамалар мен құжаттарға өзгерістер енгізу жөнінде ұсынымдар дайындау туралы уағдаласты.
 
 
«Біз тәуелсіз директорлар қауымдастығымен күш біріктіре отырып, жоғары оқу орындарымызда корпоративтік басқару мәселелері бойынша үздік әлемдік тәжірибелерді енгізе аламыз деп күтеміз», – деп атап өтті Саясат Нұрбек. Кездесу соңында министр Ерлан Әукеновке жоғары білім беру жүйесін жетілдіруге қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдіріп, жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.
 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий