ЕҰУ түлегі Google компаниясынан жұмысқа шақырту алды

Әли Жүсіпов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің механика-математика факультетін математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығы бойынша тәмамдады. Ол Google компаниясынан шақыру алып, биылғы қыркүйек айынан Цюрихтегі кеңсесінде бағдарламашы-құрастырушы ретінде жұмыс істейді,- деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
 
Әли бұған дейін Яндексте тағылымдамадан өтіп, сонымен қатар «Сбер» компаниясында бағдарламашы-әзірлеуші ретінде өзін дамытып үлгерді.
 
 
Дарынды студент ЕҰУ-да оқыған жылдары бағдарламалау саласы бойынша көптеген халықаралық олимпиада мен жарыстарда жеңімпаз атанып, сондай-ақ шахмат пен баскетболға әуес болды. 26 жыл ішінде ЕҰУ-нің қабырғасында 77 мыңға жуық білікті маман даярланды. Олардың көпшілігі отандық және шетелдік IT-компанияларда табысты еңбек етуде.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий