Қазақстандық студенттер бокстан Азия чемпионатында жүлдегер атанды

Қазақстандық студенттер Амманда (Иордания) өткен бокстан Азия чемпионатында жүлдегер атанды, – деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі. 
 
 
Жарыста 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті Айбек Оралбай алтын жүлдені иеленді. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенті Махмуд Сабырхан, Павлодар педагогикалық университетінің студенті Серік Теміржанов пен Қожа Ахмет Ясауи атындағы университеттің студенті Сәкен Бибосынов күміс медаль жеңіп алды. Қожа Ахмет Ясауи университетінен Сағындық Тоғамбай мен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінен Нұрбек Оралбай құрама қоржынына қола медальдар әкелді. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек барлық боксшы студенттерді құттықтады.
 
 
«Азия чемпионатының жүлдегері болу – көп жылдық жаттығулар мен еңбектің нәтижесі. Студенттерімізді кезекті жарқын жетістіктерімен құттықтаймын. Жас спортшыларымыздың алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектеспін», – деді министр Саясат Нұрбек.
 
Естеріңізге сала кетейік, бокстан Азия чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Қазақстан құрамасының қоржынында алты алтын, жеті күміс және сегіз қола бар.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий