Ғасырдың ғаламат ақыны

Біздің мектептегі ұстаздар арасында Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері,  қазақтың көрнекті ақыны Мұхтар Шахановтың 80 жас мерейтойына орай  әдеби-сазды байқау өтті. Байқауда  рухты поэзия оқылып, ақын сөзіне жазылған әндер орындалды.  «Сөз өнері өлеңде» демекші,ұстаздар  ақынның  өлеңдері мен әндерін  нақышына келтіріп орындап, жүректен жарып шыққан  қазақ тілінің жанашыр ақынына  деген арнауларын жарыса оқып, ортаға салды.

Байқауға  ауданымыздың 28 мектебінен  қазақ тілі пәні мұғалімдерінен бөлек биолигия, физика пәні мұғалімдері де қатысып өнер көрсетті. Соның ішінде № 156 жалпы білім беретін  мектеп  намысын қорғау үшін додаға қазақ тілі пәні мұғалімі Серік Арнұр Нұрланұлы қатысты. «Жас келсе іске» -деген мектебімізге биыл келсе де, өзін жақсы жақтарынан көрсете білді. Мектебімізде бесінші сыныпта жетекшілік етеді. Қыркүйек айында өткен «Тіл- ұлттың тірегі» атты іс-шарада  сыныбы жүлделі орынға ие болды.

Оқушыларды да, ата-аналарды да жақсы ұйымдастыра отырып, қатыстыра білді. Сонымен қатар өзі де аудандық жарыстан екінші орынға ие болды. Болашақта Серік Арнұр Нұрланұлы әлі де биік белестерді бағындырады. Аудан кітапханашылары «Оқуға құштар мектеп» бағдарламасы аясында осындай сайыстарды жиі  ұйымдастырып отырады. Соның дәлелі ретінде ауданымызда өткен қазақтың  біртуар ақыны  Мұхтар Шахановтың мерейтойына байланысты өткен әдеби-сазды байқауды алуға болады.

Б. УМАРОВА, Ш. КУНТУГАНОВА

№ 156 жалпы білім беретін мектептің кітапханашылары,

Алматы қаласы, Алатау ауданы

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий