Ақмолалық оқушылар облыстық шығармашылық байқауына қатысты

«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына арналған облыстық қашықтан суреттер байқауын өткізді, – деп хабарлайды осы облыстың білім басқармасының баспасөз қызметі. 

Ақмола облысының білім беру ұйымдарының 128 оқушысы қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға қатысушылардың таңдауы бойынша А2 немесе А3 форматындағы парақта кез келген техникада (сурет, кескіндеме, коллаж, граттаж, баспа, гравюра және т.б.) орындалған жұмыстар жіберілді.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын – Адильшинова Нурлыайым, Жақсы ауданы, Жақсы ауылының №1 ЖОББМ;
2 орын – Савина София, Бұланды ауданы, Макинка қаласының мектеп – гимназиясы;
2 орын – Бездольева Екатерина, Көкшетау қаласы № 4 ЖОББМ;
2 орын – Клюшев Руслан Зеренді ауданы, Бірлестік ауылының ЖОББМ;
3 орын – Есетова Амина Атбасар қаласының БЖШО тәрбиеленушісі;
3 орын – Қожахмет Алтынай, Көкшетау қаласы № 6 мектеп – лицейі КММ;
3 орын – Какимжанова Адема, Көкшетау қаласы № 16 ЖОББМ. Қалған қатысышылар сертификатпен марапатталады. Құттықтаймыз! Сіздерге шығармашылық табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий