Облыс колледждерінде «Жұмыс берушілер күнінде» кәсіпорындармен 48 жаңа меморандумға қол қойылды

Қостанай облысының барлық колледждерінде кадрларды даярлау, түлектерді жұмысқа орналастыру сапасын арттыру бойынша жұмыс берушілермен тиімді ынтымақтастыққа бағытталған «Жұмыс берушілер күні» өтті, – деп хабарлайды осы облыстың білім басқармасының баспасөз қызметі. 

Аталған іс-шараға колледждерге қамқоршы кәсіпорындар, сондай-ақ колледждермен ынтымақтастықты жоспарлағандар, дуальды оқытуға және кадрларды нысаналы даярлауға қатысатын серіктес кәсіпорындар, жергілікті атқарушы органдар, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері, облыс колледждерінің студенттері белсенді қатысты.


Кездесу барысында 450-ден астам жұмыс берушілермен 34 колледжде оқу кабинеттері, шеберханалар, зертханалар, «Жас маман» жобасы бойынша құзыреттілік орталықтары бойынша таныстыру экскурсиялары, кадрлар даярлаудың өзекті мәселелері бойынша педагогтар мен студенттердің жұмыс берушілермен диалог алаңдары өткізілді. Іс-шара нәтижесінде колледждер облыс кәсіпорындарымен ынтымақтастық туралы 48 жаңа меморандумға қол қойды.

Колледждермен тығыз жұмыс істейтін әлеуметтік серіктес кәсіпорындар өз тарапынан білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық тәжірибесімен, өз кәсіпорындарының жетістіктері мен даму перспективаларымен, түлектерді жұмысқа орналастырумен, оқытушылардың тағылымдамасымен бөлісті.


Жұмыс берушілермен кездесу соңында колледждердің белсенді әлеуметтік әріптестері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, Білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды. Жұмыс берушілер күнін жыл сайын өткізу жоспарлануда.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий