Петропавлда 155 студент Америка университетінің бағдарламасы бойынша оқып жатыр

Аризона университетімен қос дипломдық оқыту бағдарламасы (әлемнің үздік 100 жоғары оқу орындарының қатарына кіреді) Қозыбаев университетінде жүзеге асырылуда, – деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі. 
 
Оқыту гранттар бойынша үш тілде: ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. «Серіктестіктің арқасында алғашқы студенттер оқуларын бастады. Бүгінде бірлескен бағдарлама бойынша білім алушылардың 2 тобы бар. Бірінші топта 50-ге жуық студент қос диплом бағдарламасы аясында оқуда. Яғни, олар оқуларын аяқтағаннан кейін Америка университетінің дипломын алады. Мұнда оқыту тек ағылшын тілінде. Екінші топта 100-ге жуық студент Аризона университетінің қолдауымен құрылған Қозыбаев университетінің халықаралық бағдарламасында оқиды. Мұнда екі диплом қарастырылмаған, бірақ академиялық сапа стандарттары бойынша құрылған бағдарлама. Сонымен қатар, Аризона университеті Петропавл қаласында сабақ беру үшін шетелдік профессорларды шақыруға көмектеседі. Оқыту негізінен мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі», – деп атап өтті Басқарма Төрағасы –Ректор Ерлан Шұланов.
 
 
Жалпы, бірлескен жоба бойынша өңірге қажетті 10-ға жуық білім беру бағыты таңдалды. Ол: биотехнология, IT, білім, инженерия саласы. Естеріңізге сала кетейік, жоба өткен жылы Мемлекет басшысының Қазақстанда беделді шетелдік ЖОО филиалдарын ашу жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында басталған болатын. Бұл жоба жастарға елімізден тыс жерлерге шықпай-ақ шетелдік білім алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ талантты жастардың қатарын арттып, өңірді білікті кадрлармен қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий