Ақмолалық оқушылар республикалық инновациялық идеялар байқауына қатысты

Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының қорытындысын шығарды, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі. 

Байқауға жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 170 білім алушылары қатысты. Бұл байқауда Ақмола облысының намысын 9 оқушы қорғады. Іс-шараның мақсаты: білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі облысында өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру.

Байқауда қатысушылар автокөлік, су көлігі, авиация, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика, құрылыс, өндіріс саласындағы, әскери, ауыл шаруашылығы, космонавтика және аэрокосмос техникалық құрастыру саласындағы қолданыстағы модельдерінің жобаларын қорғады. Қазылар алқасының мүшелері ретінде Алматы қаласы Азаматтық авиация академиясы, Көлік және коммуникация жоғары колледжі, Кәсіптік-техникалық колледжі, Астана қаласы Техникалық колледжі, Батыс Қазақстан облысы, Қарағанды қаласы Облыстық мамандандырылған спорттық-техникалық мектебінің оқытушылары қатарынан т.б білікті мамандар шақырылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазылар алқасының алдында күрделі міндет тұрды – көптеген жобалардың ішінен байқаудың тақырыбы мен шарттарына толық сәйкес келетінін таңдап, байқау жеңімпаздарын анықтады. Барлық жобаларды қарау қорытындысы бойынша 30 қатысушы жеңімпаз болып анықталды.

Ақмола облысы бойынша «Құрылыс саласындағы жобалар» номинациясында «Smart City» жобасымен Нұридін Саян – Бурабай ауданы, Щучье қаласының №7 мектеп лицейінің 9 сынып оқушысы, 3 орынға ие болды, жетекшісі Айтжанова Үміт Исаханқызы. Құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий