Балабақшалар санының артуы, мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі – Шолпан Каринова Қазақстанды Ташкентте өткен дүниежүзілік конференцияда таныстырды

Ташкентте өткен World Conference on Early Childhood Care and Education (WCECCE) кіші жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі дүниежүзілік конференцияда Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова еліміздегі балабақшалардың өсу динамикасы мен олардың жұмысы туралы айтып берді, – деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. 
 
Ауқымды іс-шараға әлемнің 100-ден астам елінен 1 500-ге жуық делегат қатысты. Дүниежүзілік конференцияның пленарлы отырысында ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова конференцияға қатысушыларға министрліктің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы жаңалықтары мен атқарып жатқан жұмыстарын таныстырды.
 
 
«Мектепке дейінгі білім беру жүйесін өзгерту үшін 2021 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту моделі қабылданды. Ол ойынға негізделген тұжырымдамалық жаңа бағдарламалар мен жаңа мазмұнға көшуді, мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз етуді, педагогтерді даярлаудың сапасын, еңбекақыны және педагогтердің біліктілігін арттыруды, материалдық-техникалық базаны жақсартуды, дамып келе жатқан білім беру ортасын құруды көздейді», – деп түсіндірді Оқу-ағарту бірінші вице-министрі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий